» » » «Адамның ұлты маңызды емес» – Тәуекелдің әйелі некеге қатысты ойын айтты

«Адамның ұлты маңызды емес» – Тәуекелдің әйелі некеге қатысты ойын айтты

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жары аралас некеге қатысты өз ойымен бөлісті. Махаббаттың пікірінше, ұлт мәселесі аса маңызды емес. Алайда, ол некеге кедергі болатын кейбір жайттар бар екенін жоққа шығармады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Махаббат Мүсілім Instagram парақшасында оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Актердің келіншегі өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығу мәселесу туралы не ойлайтынын айтты.

«Қандай ұлт өкіліне тұрмысқа шығатының маңызды емес деп ойлаймын. Бастысы қызығушылықтарың мен өмірге деген көзқарастарың сәйкес келсе болғаны. Алайда, бұған кедергі келтірер көптеген факторлар да бар. Ата-аналар, менталитет, тәрбие және т.б», – деп жазды Махаббат.
Cонымен қатар, Махаббат Мүсілім жұлдызды жолдасының ұялы телефонын тексермейтінін айтты.

«Олай істеуге болады ма? Қалжыңдаймын. Мен өз жолдасыма толықтай сенемін.. Сол себепті оның телефонын ақтармаймын. Ол да менікін тексермейді», – деп жауап берді ол.
16 маусым 2021 ж. 378 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930