"Әлі ұсыныс жасаған жоқ": Ерке Есмахан жеке өмірі туралы айтты
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан "Ninety One" тобының бұрынғы әншісі Азамат Зенкаевпен қарым-қатынасы туралы айтып берді. Өнер иесі ел арасында тарап кеткен қауесеттерді жоққа шығарып, сұйіктісі өзіне әлі үйленуге ұсыныс жасамағанын жеткізді.
Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Ол Зенкаевпен арақатынасы туралы сұрақ қойған оқырманына былай деп жауап берді: "Ұсыныс әлі жасамады. Жасайтын болса маған белгі бер деп айттым. Ұсыныс жасаған күні ұйпа-тұйпа болып тұрмайын. Көйлек киіп, боянып, әдемі болып тұрайын деген ойым. Білсем де білмегендей кейіп таныта саламын ғой", - деді Ерке. Кейбір желі қолданушылары әншіні "жеңге" деп атай беруге рұқсат сұрамақ болды. Алайда, өнер иесі "әзірге ойланып жүргенін" айтты.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Ерке Есхана мен Азамат Зенкаевтың жасырын түрде үйленіп алғаны туралы ақпараттар тарап, елдің қызу талқысына түскен болатын. Бірақ, қос әнші де бұл жаңалықтарды растаған жоқ. Ерке оны жоққа шығарды.