» » » "Басқа адам ҰБТ тапсырды": Тұрсынбек Қабатовтың қызының оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Басқа адам ҰБТ тапсырды": Тұрсынбек Қабатовтың қызының оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Көпшілікке белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың басы дауға қалды. Өнер өкілінің қызының орнына ҰБТ-ға басқа адам кірген деген ақпарат тарады. Бұған полиция түсініктеме берді. 


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның жауабына сәйкес, бұл оқиға 13 маусым күні болған. Сынаққа жалған құжатпен кірген адамдарды Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері анықтаған. 

"Тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция департаментінде.

Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа адам тест тапсырмақ болды деген ақпаратты заңгер Абзал Құспан жариялады. 

“Тұрсынбек бауырымнан көңілім қалды. Алматыда қат-қабат шаруалардан, кездесулерден қол босамай тұр. Бірақ кеше ҰБТ қорытындысы шыққасын, әзірге өзіме ғана белгілі мына бір хабарламамен бөліскім келеді. Бұны маған жеке өзім танитын сенімді адам айтты. Стилистикасы сақталады. Істің номері, астанадағы қай аудандық полиция тергеді, мән-жайлар туралы қолым босағанда, қосымша жазамын”, – деді заңгер.
16 тамыз 2021 ж. 873 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930