» » » «Отан Ана» республикалық әншілер конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Отан Ана» республикалық әншілер конкурсының жеңімпаздары анықталды

Сыр елінде әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтың 60 жылдығына арналған «Отан Ана» ІІІ республикалық әншілер конкурсы өтті.

Екі кезеңге созылған конкурста республиканың түкпір-түкпірінен келген 20 талапкер Батырханның репертуарындағы және еркін тақырыптағы әндерді орындады.

Қатысушы талапкерлердің өнерін композитор, музыкант Ринат Гайсин, әнші, композитор Қайрат Баекенов, әнші Мадина Сәдуақасова, Динара Каирова және композитор Сәбит Ұлықпанұлы бағалады.

Конкурс нәтижесі бойынша бас жүлде қызылордалық Ақбота Құснадинге бұйырды. І орынды Алматы қаласынан келген Алмагүл Батталиева жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды Нұр-сұлтаннан келген әнші Айдын Жұмабаев иеленді. Ал ІІІ орынды Аягөз Аралбайқызы, Азамат Бекбергенов, Жанасыл Елубаев, Айдана Риза өзара бөлісті.

Айта кетейік, конкурстың гала концерті бүгін орталық алаңда сағат 20.00-де өтеді.



18 мамыр 2022 ж. 91 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 1 370

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031