» » » Айтматовтың 90 жылдығы ТМД көлемінде тойланады

Айтматовтың 90 жылдығы ТМД көлемінде тойланады


"Адамзаттың Айтматовы" атанған әйгілі жазушының 90 жылдық мерейтойы ТМД-ға мүше мемлекеттердің барлық өңірінде аталып өтеді. Мұндай шешім 6 сәуірде Минскте өткен ТМД елдері Сыртқы істер министрлерінің жиынында мәлім болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Министрлер әйгілі жазушының әлем әдебиетіне қосқан ұшан-теңіз үлесін ескере отырып Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерекесін өз елдерінде атап өтуді қолдайтындықтарын білдірді.
Оның 90 жылдығын халықаралық деңгейде атап өтуге қатысты Қырғызстан президентінің жарлығы өткен жылы шыққан болатын. Сонымен қатар, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев те Айтматовтың мерейтойын кең көлемде атап өту туралы сәуірдің басында арнайы тапсырма берді.
Әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда Талас облысының Шекер ауылында дүниеге келіп, 2008 жылы 10 маусымда қайтыс болған. Жазушының туған күнінің құрметіне 12 желтоқсан Қырғызстандағы әдебиет күні болып бекітілді.

Baq.kz
09 сәуір 2018 ж. 951 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30