» » » Қазақстанда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық стипендия тағайындалады

Қазақстанда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық стипендия тағайындалады


Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қор мен Болат Өтемұратов қоры бірігіп төрт жоба жасайтыны туралы жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Болат Өтемұратов қоры Батырхан Шүкенов қорының барлық жұмысын өз қамқорлығына алды. Батырдың саксофонда ойнағанын және эстрада әншісі ретінде танымал болғаны бәрімізге белгілі. Оны еске алу үшін, сондай-ақ үрмелі аспаптарда ойнайтын музыканттарға қолдау көрсету үшін біз ауқымды жоба дайындап жатырмыз. Ол гобой, флейта, саксофон, фагот аспаптарының отандық ұлттық байқауы болмақ. Конкурс Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтеді», - деді Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан Шүкенов.

Оның айтуынша, бірінші тур 2018 жылдың 26-30 қараша аралығында өтеді.

«Біз тілек білдірушілерді жинаймыз. Байқауға 16 мен 32 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Біз студенттерді ғана емес, оркестрлерде немесе музыкалық мектептерде жұмыс істейтін музыканттарды да тартқымыз келді. Бұл кәсіби байқау болады. Екінші және үшінші турлар консерваторияның базасында өтеді. Екі концерт қою жоспарлануда. Бес номинация, үш орын және үш сыйақы болады. Біз әр аспапқа арналған бағдарлама дайындаймыз. Қыркүйек айында екінші турға өткен үміткерлерді анықтаймыз. Барлық ақпарат консерватория мен қордың сайтында жарияланатын болады», - деді Бауыржан Шүкенов.

Сонымен қатар, оның айтуынша Батырхан Шүкенов атындағы стипендия тағайындалады. Әншінің орындауындағы барлық әндер CD және DVD дискілер, сонымен қатар, онымен жұмыс істеген авторлармен бірлесіп музыкалық басылымдар жарық көреді.

«Стипендия консерватория студенттеріне тағайындалады. Жыл сайын 500 мың теңге көлемінде шәкіртақы алатын бес стипендиант таңдалатын болады. Қазір біз осы бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді Шүкенов.

Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетовтың айтуынша, осы жұмыстарға шамамен 69 миллион теңге бөлінеді.

Baq.kz
11 сәуір 2018 ж. 1 197 0