» » » БҮРКІТ ҚЫЗЫНА ЕРЕКШЕ ЕСІМ ҚОЙДЫ

БҮРКІТ ҚЫЗЫНА ЕРЕКШЕ ЕСІМ ҚОЙДЫ

Жақында тағы әке атанған әнші Бүркіт кенже қызына әдемі ат қойды.

“Бисмилляһ! АЛЛАҺтың қалауымен дүниеге келген сәбиіміздің есімін Сафия ( Safiyyah) деп қойдық! Қуыршағым менің, денсаулығың мықты болып, xалқыңның сүйікті қызы болып өс! Инша Аллаһ”, – деп жазады әнші желіде.
Әнші жарын перзентханадан шығарып алғанымен қызына есім қойып үлгермегенін айтқан болатын.
«Есімін әлі қойған жоқпыз. Біз атасы мен әжесінен сұрап көреміз. Отбасымызбен ақылдасамыз. Содан кейін Құдай қаласа көрерміз. Бізде бірінші ұлымызда туылған кезде екі апта есімсіз жүрді. Үйде бала, балақай деп қана қоятынбыз (күледі)», – дейді Бүркіт.
Бүркіт қызды болғанын айтып, халықтан сүйінші сұраған еді. Бұған дейін Аиша қызын суда босанғанын айтқан еді. Перзентінің кіндігін әкесі кескен.
Желі оқырмандары мен әріптестері Бүркіт пен Аишаны жарыса құттықтап жатыр.

28 сәуір 2018 ж. 1 799 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 851

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031