» » » Қазақстандық кәсіпкер түріктің танымал “Ертұғрыл” телехикаясына түскен

Қазақстандық кәсіпкер түріктің танымал “Ертұғрыл” телехикаясына түскен


Қазақстан тумасы, кәсіпкер Ладибек Тутадзе түріктің танымал “Ертұғрыл” телехикаясына түскен. Кино әлеміне жаңадан қадам басқан актер Қазақстандағы кәсібін тастап, Түркияға ақша табу үшін аттанғанын әңгімелеп берді. Ол Tengrinews.kz басылымына сұхбат берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ладибек Тутадзе Алматы облысының қазіргі Көксай елді-мекенінде туған. Мектеп бітірген соң, Түркия университеттерінің біріне грантқа түскен. Оқуын тәмамдаған соң, Қазақстанға оралған.
“Мен этникалық түрікпін. Университетті бітірген соң Түркияда қалу туралы ұсыныстар түсті, бірақ мен Отаныма оралуды жөн көрдім. Менің ойымша, Отан – ол сенің туып-өскен жерің, туыстарың мен достарың тұратын мекен. Ал Түркияға деген көңілім ерекше. 2007 жылы бауырыма күрделі ота жасалған соң, аталған елге баруға мәжбүр болдым. Бірнеше операциядан кейін, қайта оңалту курсынан өтіп, аяққа тұруға күш таптым. Ара-тұра профилактикадан өту үшін Түркияға барып тұратынмын. 2016 жылы әкем дүниеден қайтқан соң, ауыр күйзеліске ұшырадым. Денсаулығыма да қатты зақым келді. Барғым келген жоқ, бірақ ем-домды төлеу үшін жұмыс іздеуге тура келді”, – дейді ол.

ÒазаÒÑÑандÑÒ ÐºÓÑÑÐ¿ÐºÐµÑ ÑÒ¯ÑÑкÑÑÒ£ ÑанÑмал ÐÑÑÒ±ÒÑÑл ÑелеÑикаÑÑÑна ÑÒ¯Ñкен

Ладибектің айтуынша, сол шақта танымал “Ертұғрыл” телехикаясы телеэкрандардан көрсетіле бастаған. Сонда қазақстандық азамат аталған кинокартинада бой көрсетемін деп мақсат қойған.
“Атқа отыру, садақ ату, қылышты қолдану бойынша курстарға жазылдым. Ал киноға дейін қазақстандық компанияда менеджер болып жұмыс істедім. Кейін өз ісімді бастап, 10 жылдай құрылыс компаниясының директоры қызметін атқардым. Рейтингі мықты сериалға түсу оңайға соқпайтынын түсіндім. Бірақ табандылығымның арқасында дегеніме жеттім. Ақырында бірталай кастингтерден өтіп, мені массовкаға алды. Алғашқыда ренжігенім рас. Сонша тырыстым, ал фильмде екінші пландағы адам болдым.

ÒазаÒÑÑандÑÒ ÐºÓÑÑÐ¿ÐºÐµÑ ÑÒ¯ÑÑкÑÑÒ£ ÑанÑмал "ÐÑÑÒ±ÒÑÑл" ÑелеÑикаÑÑÑна ÑÒ¯Ñкен

Бірақ бұл мені одан сайын шабыттандыра түсті. Ақырында Қайы әулетінен шыққан Алп батырдың рөлін сомдадым. Жолда кедергі, жау, тіпті сатқындық көп, бірақ біз берілмейміз. Түсірілім алаңында каскадер болып жүрген өз жерлестерімді кездестірдім. Біз мұнда Қазақстанның атын шығару үшін жүрміз”, – дейді актер.

ÒазаÒÑÑандÑÒ ÐºÓÑÑÐ¿ÐºÐµÑ ÑÒ¯ÑÑкÑÑÒ£ ÑанÑмал ÐÑÑÒ±ÒÑÑл ÑелеÑикаÑÑÑна ÑÒ¯Ñкен

Қазіргі таңда Ладибек Тутадзе тағы бір телехикаяға түсіп жатыр. Бұдан бөлек, қазақстандық кәсіпкер “Ертұғрыл” телехикаясының жаңа маусымына түсуді жоспарлап отыр.


http://stan.kz
03 мамыр 2018 ж. 857 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30