Бүкіл әлем қарсы тұрса да: “Меломен” тобы Ninety one мен Байзақовадан кешірім сұрамайтындарын айтты
Айжан Байзақова мен 91 тобын қамшымен сабауға үндеген “Меломен” тобының басы дауға қалды. Топ жігіттерінің Жан Ахмадиевке қолдау көрсетудегі мақсаты – бұрыс жолға түскендерді түзеу болғанымен, қоғам тарапынан “Меломен” тобына қарсы сын көп айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Тіпті, 91 тобындағы Bala-ның анасы “Меломенге” арнап арнайы хат жазған болатын. Әлия Назарғалиқызының сөзінше, 91 тобы 25 жыл бойы еңсесін көтере алмаған қазақ тілін әлемге танытуға үлес қосқан. Сондай-ақ, ол шашы мен бетін бояп, киімімен ерекшеленетін жігіттердің діни сауаты да жоқ емес екенін айтты. Бұл орайда 91 тобынан кешірім сұрауды талап етті. Аталған сынға “Меломендіктер” жауап берді.
“Біз МЕЛОМЕН тобы: Ninety one мен Байзақованың іс әрекеттері үшін: Ұрпағы үшін жанын қиған, елді – жерді бізге аманат етіп тапсырған батыр бабаларымыздан кешірім сұраймыз… Біздер дұрыс тәрбие ұсына алмаған соң, қауіпті тәрбиелермен сусындап өсіп келе жатқан бүлдіршіндерден кешірім сұраймыз… Бауыр еті баласына қандай күйде болса да кір жуытпайтын Найти уанның, Байзақованың ата-анасынан кешірім сұраймыз… Ал азғындыққа шақырушылардың өздерінен ешқашан кешірім сұрамаймыз. Тіпті, бүкіл әлем бізге қарсы тұрса да!
Айналайын ата-аналар! Есіктеріңізге ең жақын мешіттерге барыңыздаршы! Сөйтіңіздер де имамнан сұраңыздаршы балаларыңыздың не істеп жүргенін. Егерде сол іс әрекеттері дұрыс “Меломендіктердің” әрекеттері бұрыс десе біз де райымыздан қайтып сіздердің ұл-қыздарыңыздың қолдаушылары болайық. Құдайшылығы осы емес пе ағайын? Сіздер не дейсіздер?” – дейді “Меломен”.
http://stan.kz