Мен үшін әлемдегі ең дара адам: Димаш Құдайберген “анам” деп атайтын әйел туралы жантебірентерлік әңгімесін айтты
Қазақстанның атын бүкіл әлемге танытып жүрген танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз өмірінде үлкен рөл ойнайтын әйел туралы әңгімелеп берді.
Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Инстаграм парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Кейбір елдерде бүгін, 13 мамыр, Ана күні атап өтіледі. Жанкүйерлерін осы мерекемен құттықтаған Димаш Құдайберген «анам» деп атайтын әйелдің тарихымен бөлісті.
«Анамды қатты сағынып жүрмін. Ақтөбеде күн жылы сияқты, ал анам өз – бақшасында. “Ананың ойы ұяда, баланың ойы қияда” деп халық қалып айтпаған деп білемін. Бала кезде достарыммен бірге ойнап келуге сұрану үшін аулада өсіп тұрған көкөністер мен жемістерге су құйып, ресми тұрғыда үйдегі бастық әкемізден, сонан соң анамызға бір көрініп кететінбіз. Анам үйдің қасында достарыммен футбол ойнап жүрген мені “сабағыңа дайындал” деп шақыратын. Халық даналығы – “Ананың алақаны балаға айдынды қоныс”. Кезінде анамыз сабақ беріп, қызмет жасаған кезде өңірдегі танымал, ізденімпаз мұғалімдердің бірі болған. ” Оқытушы-әдіскер деген бірнеше белгілері де бар. Мансабы өрлеп тұрған шағында мен дүниеге келдім. Сол кезде Ағатайым мен Света апам менің болашағым үшін отбасымызбен Ембі елді мекенінен Ақтөбе қаласына көшіп кетті. Ал анам 47 жасында барлық жұмысын мені бағу үшін тастаған болатын. Бес жасымнан музыка мектебіне апарды. Анамның бізге сіңірген еңбектері туралы жазатын болсам, жазба емес кітап жазу керек болатын шығар. Мен үшін əлемдегі ең дана, ең сұлу, ең дара адам – ол менің анам. Мерекеңізбен, жаным ана»,- деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Инстаграм парақшасында.
http://stan.kz