» » » Асанәлі Әшімов жас әйелімен атақты Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті

Асанәлі Әшімов жас әйелімен атақты Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті


Атақты Канн кинофестивалінде Қазақстанды танымал актер Асанәлі Әшімов таныстырды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.

Кең таралған фотосуреттерге қарағанда, 81 жастағы қазақ киносының шебері бұл танымал іс-шараға әйелі Бағдатпен бірге барды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, актердың жұбайы өзінен 34 жас кіші.
Министрліктің айтуынша, 8 мамырда басталған беделді шарада танымал скрипкашы, Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсаходжаева «Солисттер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуімен музыка орындады. Ал танымал әнші Димаш Құдайберген орындаған туынды француздықтарды таңдай қақтырды.
Мұсаходжаеваның айтуынша, биылғы жылы «Арнайы көрініс» атты Канн кинофестивалінің бағдарламасында Қазақстан режиссер Әділхан Ержановтың «Әлемнің нәзік сезімдері», Жаннат Әлшанованың «Маусымның соңы» картинасы «Синефондасьон» бағдарламасы бойынша таныстырылды.
«Бүгінгі күні мемлекет тек әлеуметтік маңызы бар жобаларға ғана емес, авторлық киноларға да қаржы бөліп отыр. Соның ішінде жыл сайын қазақстандық «Қазақфильм» киностудиясы 20-дан астам фильм, ал жеке студиялар – шамамен 30 картина шығарады», – деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Алмат Суйінов.
Оның айтуынша, қазақстандық көрермендер отандық киноөндірушілердің фильмдерін көргісі келеді.

http://stan.kz
14 мамыр 2018 ж. 1 450 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031