» » » КешYou тобының үшінші мүшесі белгілі болды

КешYou тобының үшінші мүшесі белгілі болды


КешYou тобына қабылданған үшінші арудың есімі белгілі болды. Ақбота есімді тағы бір бұрымды қыз Баян Алагөзованың тобына қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы топтың желідегі ресми парақшасында жазылды.
“Ал, таныс болыңыздар! Тобымыздың жаңа мүшесі – Ақбота Құрманғали!” – делінген парақшада.
Бұл орайда Баян Алагөзова Элизаттың кетуіне қатысты пікір білдірді.
“Солистердің келіп-кетуіне қатысты пікір білдіруден шаршадым. Жалпы әйел баласының тағдыры – отбасын құрудан тұрады. Бізге жас әрі талантты, 17 жастағы Ақбота есімді қыз қосылды. Ол жақында тұрмысқа шығатын Элизаттың орнын басты. Оған отбасылық өмірде бақыт тілеймін. Ал Ақботаға шығармашылықта табыс пен еңбекқорлық тілеймін”, – деді ол.
Айта кетейік, топпен Элизат Берікова қош айтысқан болатын. “Эщкере” деп әндеткен өнер иесі КешYou-ге дейін “Лашын” тобында ән салған.



http://stan.kz
01 маусым 2018 ж. 1 736 0