Өз қазағын сорлы етіп көрсететіндей не болды: Мәдина Сәдуақасова журналистерге ренішін айтты
Әнші Мәдина Сәдуақасова журналист қауымға арнайы видео жолдады.
Бұған дейін Мәдина Сәдуақасова мен ресейлік әнші Анна Семеновичтуралы ақпарат тараған еді. Ресейлік әншінің Мәдинамен бірге суретке түспегені қызу талқыланды.
“Құрметті журналистер, сіздер не жасап жібердіңіздер? Анна Семенович екеумізді шағыстырып, масқара ақпарат тарап жатыр. Біз екеуміз көп жылдан бері доспыз. Оның үстіне Қазақстанға қонақ болып келіп тұр. Сол сәтте үсті жаңбырдан су болған. Маған ымдап түсіндірді де. Енді болмашы нәрсені шу қылып тастадыңыздар. Дереу арада тоқтатыңыздар”, – дейді әнші.
“Ресей әншісіне жасаған “қара пиар” Сіздерге не үшін керек болды?! Өз қазағын, өз ұлтының әншісін осылай сорлы ғып көрсеткен рейтингтің дәмі тәтті ме екен?! Ресейде жүрген әншінің жаны шығып кетті Қазақстандағы досына, әріптесіне! Неге Рамазан айында сондай нәрселер айтып жатыр? Сен бәрімізге сүйікті халық әншісі емессің бе?”-деп шыр-пыры шығып жатыр. Менің абыройыма кесірі тиіп қалды ма деп, қайта-қайта xабарласып! Сіздерге солай көрінді ме, әлде “комплекс” пе, шет жақтың әншісі қазақты менсінбейді деген? Олай емес, біздің біліміміз де, көргеніміз де, намысымыз да, өз абыройымыз Аллаға шүкір, бар! Ұлтты асқақтататын, көтермелейтін тек өз xалқы! Ол Сіздер мен Біздер!”, – деп жазды әнші парақшасында.
Бұған дейін ресей әншісі де жағдайдың ушықпауын сұрап, өз пікірін айтқан еді.
Stan.kz