» » » Данэлия Тулешова балалар Eurovision байқауына қатысуға дайын

Данэлия Тулешова балалар Eurovision байқауына қатысуға дайын


Данэлия Тулешова балалар Eurovision байқауына қатысуға дайын

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова Eurovision байқауына жолдама алуға таласады. Бұл туралы әртістің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін жас жұлдыздың байқауға сай келетін музыканың жоқтығынан қатысу-қатыспауы белгісіз болған еді. Алайда БАҚ-қа жасаған мәлімдемесінен соң әншіге серіктестіктік орнату туралы бірнеше ұсыныс келіп түскен.


«Қуанышқа орай, байқауға және Данэлияның вокалдық мүмкіндіктеріне келетін бірнеше композицияларды таңдап қойдық. Тығыз графикке
қарамастан қатысуға өтінім беріп, тыңдауға дайындаламыз», - деді педагог Наталия Чуракова
.

Данэлияның өзі де алдағы тыңдалымның өте маңызды және Қазақстанда бәсекелестіктің жоғары екенін біліп отыр.
«Елімізде талантты балалар жетерлік. Олардың көбісімен таныспын. Кімде-кім іріктеу финалына өтпесе де, кімде-кім Еуровидениеде Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие бола алмаса да, мен оларға шын жүрегіммен жанкүйер боламын», - деді ол



Baq.kz


03 тамыз 2018 ж. 775 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30