Биді өлтірді: Көк шапан киіп билеген Ғаділбек Жанай тағы да жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Қазақстандық әнші Ғаділбек Жанай биші болып кетті ме, әйтеуір соңғы уақытта неше түрлі образдарымен жұртты күлкіге қарық қылуда. Дегенмен, желі қолданушылары әншіге көңілді жүрген жарасады, соңғы кездері өзгеріп кеткен деген пікірде, деп жазады Stan.kz.
«Көк шапан естеріңізде ме? Өз көңіл күйімізді, өзіміз көтермесек ешкім көтермейді», деген жазбамен жарияланған Ғаділбек Жанайдың парақшасындағы видео оқырмандардың қызығушылығын тудырды.
Желі қолданушылары біресе қоян болып киініп, біресе көп шапанмен би билеп жүрген әншіні танымай, таңғалып отыр.
Би билеп жұртты күлкіге қарық қылған Ғаділбекті көпшілігі өзгеріп кетіпті дейді.
«Бәрі жарасымды, шынайы қылықтар. Жүзіңізден күлкі кетпесiн. Аман жүріңіз. Әрдайым көтеріңікі көңіл-күйде жүресіз және бізге дее сондай көңіл-күй сыйлайсыз.
Жарайсыз аға, өнеріңіз өрге жүзсін. Әндеріңіз қандай тамаша. Тек алға.
Əрқашан осылай көңілді жүре беріңіз. Əрине қалай есімізде болмасын Балқантау мəдениет үйінде ғой. Біздің де көңіл күйімізді көтеріп тастадыңыз. Дұрыс айтасыз əркім өзі көңілді болып жүрмесе ешкім көтермейді. Аман болыңыз жаңа əндеріңіз көбейе берсін, шаршамаңыз сіз өте жақсы адамсыз.
Осы шапанды бір үлкен апа кигізіп еді ғой. Соңғы күндері бимен айналысып кеттіңіз бе, бірақ өзіңізге осылай жүрген жарасады.
Биді өлтіреді екенсіз, соған қарағанда аша алмай жатқан қырларыңыз көп-ау деймін. Ғашық болып қалғансыз ба? Соңғы кездері қатты өзгеріп кеттіңіз»,-деген пікір қалдырған оқырмандар.
[media=jаvascript:;]
Сонымен қатар, әнші бұған дейін қоянның киімін киіп алып, би билеп жұрттың ішек-сілесін қатырған болатын.
Stan.kz