» » » Ләйлә Сұлтанқызының екінші кітабы жарық көрді

Ләйлә Сұлтанқызының екінші кітабы жарық көрді

Картинки по запросу ләйлә сұлтанқызы

Алматыда тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» кітабыны халыққа таныстырылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Кітапта 123 тағдыр, 123 мұң, 123 проблема, 123 хатқа мамандардың жауабы жазылған.

– Осы жаңа кітабымда 123 әйелдің сұрағына арнайы мамандардың кеңесі, өмірде кездесетін оқиғалар мен сан қилы тағдырлар жазылды. Көп әйелдің көкейіндегі сан сауалға жауап табу мақсатында бұл кітапқа еліміздегі "ең" деген псиxолог, гинеколог, маммолог, сексолог мамандар жұмылдырылды. Көмек сұрап xат жазған 123 әйелдің басындағы жайттар қоғамда кең етек алғандықтан, бірін аурудан айықтырып, екіншісін псиxологиялық жағынан қолдап, басқасын суицидтен сақтап қалсын деген ниетпен ұсынып отырмыз. «Ләйлә апай...» деп xатын бастайтын қаракөз қыздарымызға жеке-жеке жауап беру мүмкін болмаса да, үнсіз қалғым келмеді, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Автордың айтуынша, өзіне сырын тапсырып хат жолдаған әйелдерден жеке-жеке рұқсат алынған. Кітап ішіндегі кей оқиғаларға өзгертулер енгізілген.

lyailya

– Мен өзіме келген хаттармен бөліспесем, өзімді жеп қояр едім. Өзім іштей өртеніп өлер едім. Сол хаттарды еліміздегі мыңдаған әйелге жеткізгім келді. Менің онкология, гинекология, саласында, түптеп келгенде, психология саласында да білімім жоқ. Бір команда болып осы кітапты жазып шығардық, - деді кітап авторы.

«Қамшы»
22 қаңтар 2018 ж. 1 623 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930