» » » Егіз қыздардың анасы атанған әнші Інжу сұлулығының құпиясымен бөлісті

Егіз қыздардың анасы атанған әнші Інжу сұлулығының құпиясымен бөлісті

Әнші Інжу тек сахнада ән айтып қоймай, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап жүр. Ол жақында фитнес-орталық ашып, артық салмақпен күресіп жүрген қыз-келіншектерге арықтаудың тиімді жолдарын ұсынып, бағыт-бағдар беріп келеді.




Бұл туралы HIT.TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Інжу – өнер мен спортты қатар алып жүрген әнші. Биге, спортқа бала кезден ғашық болған. бүгінде фитнес-орталығын ашып, өз кәсібін дөңгелетіп жүр.
Өз сөзінде Інжу артық салмақтан арылу үшін 6 ай жеткілікті екенін айтты. Ол үшін ең бірінші ниет пен сенім керек, дейді.
«Арық, өзімнің мүсінімді қалаймын деген қыз-келіншектерге жары рұқсат берсе, жаттығу залына барып, темірмен айналысқаны дұрыс. Өйткені бұл бұлшық етті шығару, өсіру. Яғни арық деңеңізді бұлшық етпен өсіргіңіз келсе, жаттығу залына барып, ауыр темірді көтересіз.
Ал артық салмақты тастау керек болса, онда кардио-жаттығулар жасау керек», – дейді әнші.

Әншінің пікірінше, сымбатты болудың сыры адам ағзасын аздыратын түрлі диета емес, спорт пен дұрыс тамақтану тәртібінде.
«Ең біріншіден, адам баласында қызығушылық болу керек. Егер жақсы өмірге талпынсаң, өзіңді күтіп, өзіңді жақсы көресің. Адам өзін күтіп, жақсы көрген сайын алға қарай ұмтыла бастайды. Және, ең біріншіден, ана екеніңізді ұмытпауыңыз керек. Сіздің жарыңыз сізбен мақтануы тиіс. Ал балаларыңыз сізді үлгі тұтуы керек. Сонда ғана сіз бақытты боласыз. Ең алдымен сіз өзіңізді сүюіңіз керек», – дейді Інжу.

Stan.kz
24 тамыз 2018 ж. 1 307 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30