Ғашық боп қалдым: Шахизада махаббат туралы әнін кімге арнағанын мойындады
Қазақ эстрадасының жарқын өкілі, танымал әнші Шахизада биыл ғана «Ойымдасың» деген жаңа әнін жазған еді. Әр әннің шығуына бір адам себеп болады деген әнші сүйген азаматы бар екенін мойындады.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасының «Әйел сыры» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Биыл ғана 52 жасқа толған Шахизада өзіне сезімін білдіретін азаматтардың бар екенін жасырмады.
«Әр адам өз жеке өміріне өзі қожайын. Өзі жауап береді. Жақсы көріп келген жігіт жеке өмір емес. Менің жеке өміріме кіргісі келіп, жақсы көріп, бірге болайық деп ұсынған жігіттер бар. Ал мен өзіме әйел ретінде әйел бақыты, өнер адамы ретінде өнердегі бақыт керек деп ойлаймын. Мен апа, әже атанып, немерелі болып отырмын. Ол – бақыт. Құдайға шүкір! Десе де өмір жалғасып жатыр, бір орында отырмаймыз. Байым тастап кетсе де әрі қарай өмір сүріп жатырмын. (күледі) Тастаған жоқ енді. Ол бір келісіммен болған жағдайлар», – дейді әнші.
Сондай-ақ, ол «Ойымдасың» әнін өзі сүйген азаматқа арнағанын мойындады. Әншінің сөзінше, екеуінің махаббаты жауапсыз емес.
«Бір әннің шығуына бір адам себеп болады. Ән жайдан-жай шықпайды. Сонан кейін мені ойлап жүрген азамат жақсы көретінін, сүйетінін қайта-қайта айтып жүргендіктен, мен де ойланып қалдым. Ғашық болып қалдым. Солай ән шықты. Ол адам әлі бар. Жақсы көреді», – дейді Шахизада.
Десе де бұған дейін екі рет тұрмыста болған Шахизада үшінші мәрте тұрмысқа шықпайтынын айтты. Алайда сүйген адамының жанында болуына қарсы емес.
«Тұрмысқа шықпаймын. Себебі балалар өсіп қалды. Тұрмысқа шығу туралы ойымда жоқ. Бірақ, мүмкін. Ғашықтық сезіммен, жақсы көретін азамат қасымда болса, оған мен қарсы емеспін», – дейді әнші.
Айта кетсек, бұған дейін Шахизадаға ұлы үшінші рет тұрмыс құруға рұқсат берген еді.
Stan.kz