» » » Кәмшат Жолдыбаева Моника Беллуччидан аумайтын анасын көрсетті

Кәмшат Жолдыбаева Моника Беллуччидан аумайтын анасын көрсетті

Кәмшат Жолдыбаева анасының жас кездегі суретін жариялап, жұртты сүйсіндірді. Көпшілік Кәмшаттың анасын мен әлемге әйгілі актриса әрі модель Моника Беллуччидің бет-бейнесінен ұқсастық байқаған, деп жазады Stan.kz.

ÐÓмÑÐ°Ñ ÐолдÑбаева Ðоника ÐеллÑÑÑидан аÑмайÑÑн анаÑÑн көÑÑеÑÑÑ


“Бүгін сұлулығын әлем мойындаған Моника Беллуччидің туған күні екен ғой. Бастысы бүгін менің Әкемнің де туған күні! Осы орайда, әкемнің таңдауы, жан-жары, біз үшін әлемдегі ең сұлу әйел – анамның фотосымен бөліскім кеп тұр! Ата-аналарымыз аман болсын”, – деп бөлісті Жолдыбаева желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары суреттегі қос бикештің қайсысы Моника Беллуччи, қайсысы Кәмшаттың анасы екенін анықтай алмай, дал болды.
“Расымен де қатты ұқсайды екен”, “Қайсысы анаңыз сонда”, “Негізі оң жақтағысы сізге қатты келеді екен”, – деп пікір білдірді олар.
Шын мәнінде, суреттің сол жақ бөлігіндегі әйел Кәмшаттың анасы болып шықты.




Stan.kz

01 қазан 2018 ж. 947 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30