» » » Елімізде толықметрлі анимациялық фильм көрерменге жол тартпақ (видео)

Елімізде толықметрлі анимациялық фильм көрерменге жол тартпақ (видео)

ÐлÑмÑзде ÑолÑÒмеÑÑÐ»Ñ Ð°Ð½Ð¸Ð¼Ð°ÑиÑлÑÒ ÑилÑм көÑеÑменге жол ÑаÑÑпаÒ

2018 жылдың 18 қазанынан бастап отандық прокатқа адам мен бүркіттің достығы туралы баяндайтын толықметрлі анимациялық фильм шығады. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы өндірген.

Қызықты оқиғаға толы аталған фильмнің режиссерлері – Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы. Бұл туралы “Қазақфильм” киностудиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Фильм желісіне адамның бүркітті қолға үйретуі мен құс пен адамның ортасындағы достықты негіз етіп алынған.
Картинада қазақ халқының ежелгі құс аулау дәстүрі баяндалады.



“Қазақ халқы 5 жасар бүркітті Мұзбалақ деп атайды. Бұл фильм арқылы авторлар бүркіт пен жыртқыш құстарды аулау туралы айтқысы келген. Фильм қазақ тілінде түсіріліп, орыс тіліне дубляждалған. Кинотеатрларда картина екі тілде жүреді”, – дейді “Казақфильм” баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаева.
Айта кететін жайт, анимациялық фильмді шығару үшін екі жыл бойы 40 аниматор бірлесіп жұмыс істеді. Бас-аяғы 65 минутқа созылатын фильм 2D және 3D форматтарында түсірілген.




Stan.kz

09 қазан 2018 ж. 803 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30