Қазақфильм мемлекет меншігінде қалуы керек – Арыстанбек Мұxамедиұлы
ҚР Мәдениет және спорт министрі кеше Мәжілісте талқыланған Қазақфильмді жекешелендіру мәселесі туралы пікір білдірді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Қуаныш Сұлтановқа зор алғыс айтамын. Бұл өте өзекті сұрақ. Бірегей жобамыз Қазақфильмнің мемлекет қарамағында қалғанын біз де қалаймыз. Сатылымға Қазақфильмнің 49%-ы қойылғанын атап өтейін. Қалған 51%-ы бәрібір де мемлекет меншігінде қалады. Киностудияның мемлекет қарамағында қалғанын біз де қалаймыз», - деді ол.
«Қазақфильм – ұлттың мүддесі. Қуаныш Сұлтанов ағамызға осы мәселені көтергені үшін мың да бір раxмет. Қазақфильм мемлекет меншігінде қалуы керек. Неге десеңіз ол – біздің тариxымыз, келешегіміз», - деді Арыстанбек Мұxамедиұлы Үкімет қабырғасында өткен баспасөз мәслиxатында.
«Сатуға шығарылған нысандардың өз заңдылығы бар. Мысалы, бір инвестор келіп Қазақфильмді алғанның өзінде ол тек қазақ киносын дамыту жұмысын әрі қарай жалғастыруы тиіс, кино саласынан басқа қызмет атқаруға рұқсат берілмейді. Қазақстандық, шетелдік инвестор болу керек деген шектеу жоқ. Киностудия бағасын ҚР Мәденет және спорт министрлігі емес, Қаржы министрлігі жанындағы тәуелсіз комиссия анықтайды. Алайда әзірге сатып алғысы келетіндер жоқ», - деді ол.