» » » Димаш Құдайберген көктемде Францияда өнер көрсетуі мүмкін

Димаш Құдайберген көктемде Францияда өнер көрсетуі мүмкін


Димаш Құдайберген көктемде Францияда өтетін халықаралық франкофония мерекесіне баруы мүмкін. Қазақстандағы Франция елшілігі, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Гийом Касперски Димашты француз фанаттары күтетінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайбергенді танимыз. Ол француз тілінде ән айтады әрі оның Ақтөбе қаласынан екенін білдік. Қазақстандағы Франция елшілігі Димашпен бірге жұмыс істейді. Димаш- Қазақстан мақтанышы. Оны Францияда да таниды, жақсы көреді. Тіпті Францияда Димаштың фанаттар клубы бар. Фанаттары Димашпен кездесуді армандайды.
Жоспар бойынша көктемде Халықаралық франкофония мерекесін қолдаушы ретінде қатысуы мүмкін. Ән шырқауы да ықтимал. Ол француз тілінде ән шырқаудың маңыздылығы мен француз әні оған не бергенін айтады деп сенеміз. Сол кезде Ақтөбе қаласы туралы да ақпарат беруі мүмкін. Себебі, Ақтөбе туралы Франция аз біледі.
Екі ел арасындағы мәдени байланыс достығымызды нығайта түсері сөзсіз»,- деді Қазақстандағы Франция елшілігі, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Гийом Касперски.


http://stan.kz
28 қаңтар 2018 ж. 1 118 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 256

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031