» » » Айнұр Тұрсынбаева әншілердің өмірін өзгертіп жіберген сөз құдіреті жайлы айтты

Айнұр Тұрсынбаева әншілердің өмірін өзгертіп жіберген сөз құдіреті жайлы айтты

Белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева желідегі кезекті жазбасын сөз құдіретіне арнады. Қаламгер бірнеше мысал келтіре отырып, сөздің талай танымал тұлғаның өміріне өзгеріс әкелгенін атап өтті, деп жазады Stan.kz.

ÐÐ¹Ð½Ò±Ñ Ð¢Ò±ÑÑÑнбаева

“Бүгін Балхаштан қайтар жолда біраз демалайыншы деп көптеген жаңа әндер тыңдадым. Ішінде жас әнші Дәулет Болатовтың да бірнеше әні бар екен… Сол жігіттің бір әнінде “Осы жан сағынды деп, жаралы жанымды емдеп… Келмейсің неге мені іздеп?” деген жолдар бар екен. Қателеспесем, қазір ол бала қатты ауырып жатыр. Яғни жаралы жанына ем іздеуде”, – дейді ақын.

Тұрсынбаева өнердегі достары Қыдырәлі мен Қарақаттың бірнеше әніне сөз жазған. Айтуынша, бұл жұлдызды жұп ешқашан да баянсыз махаббат туралы шырқамайды. Сондықтан да оларды жұрт махаббат символы деп біледі, – дейді Тұрсынбаева.

“Мысалы “Ризамын саған”, “Бағым сен”, “Билеші” т.б. Қарақат ән мәтініне ешқашан “қайдасың ғашығым, сені сағындым, сені ойлап ұйықтай алмай қиналдым” деген сияқты баянсыз махаббатты суреттейтін сөздерді қосқызбайды. Және біз Қарақатты бақытты отбасының символы ретінде бағалаймыз, шындығында солай”, – дейді айтыскер.

Сол сияқты Айнұр Тұрсынбаева бір кездері “Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам” деп әндеткен марқұм Табылды Досымовты, “Тыныштық бер жүрегіме, құлақ аспа тілегіме… Сезім шоқты тығып қойғам, жұмыр жердің жүрегіне” деп әндетіп, жол апатынан көз жұмған Нәби Аймұратовты еске алды.

“Жарықтың Мәдина апамыз “Қош енді, қош бол, күрең күз” деп шырқағанда ерекше сүйсініп тыңдайтын едік. Көп ұзамай-ақ күрең күзде жарық жұлдызымыздан айырылып қаламыз деп ойладық па?! Кейбір ауыр әндерді титтей балаға айтқызып қойып, мәз боламыз. Не де болса бақытты шақты жырлап, жақсылықты насихаттап, тыңдаған жұртты қуантып жүргенге не жетсін?! Әсерлі әндер көп болсын”, – деп аяқтады сөзін ақын.

Stan.kz

30 қараша 2018 ж. 848 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30