» » » Мөлдір Әуелбекованың Астанада өткен концертіне билеттер 500 теңгеден сатылған

Мөлдір Әуелбекованың Астанада өткен концертіне билеттер 500 теңгеден сатылған

1 желтоқсан күні елорда төрінде алғашқы жеке шығармашылық кешін берген Мөлдір Әуелбекова елді таңғалдырды. Әнші өзге әріптестері ұқсап билет бағасын “аспандатпай”, қолжетімді етуге тырысқан. Ең арзан билеттің құны – небәрі 500 теңгені құраған.

ÐөлдÑÑ ÓÑелбекованÑÒ£ конÑеÑÑÑне билеÑÑÐµÑ 500 Ñеңгеден ÑаÑÑлÒан

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 7-арнаның “Гу-гу-лет” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

Мөлдірдің айтуынша, аталған концертке әншінің өзі қызмет ететін “Қазақконцерт” ұйымы демеушілік еткен. Ақшадан таршылық көрмегендіктен, өнер иесі билет бағасын халыққа қолжетімді етуге бел буған.

“Мен өзім қазір мемлекеттік қызметтемін. Бұл концерт сол ұйымның қолдауымен болып жатыр. Екіншіден, концертімнің ерекшелігі де сол шығар, баға өте тиімді. Өзім алғашқы рет концерт беріп жатқандықтан, маған пікір көп жазады. Қазір біз Instagram арқылы халыққа етене жақынбыз. – Билеттері өте қымбат болады, қымбат қоймаңыздаршы, – деген өтініштер болады.

Әр отбасында жағдай әртүрлі. Менің көрермендерімнің арасында қарапайым адамдар да бар. Ол кісілердің де менің концертіме қатысқанын қаладым. Сол себепті ең қымбат деген билет 3000 теңге, ең арзаны 500 теңге”, – дейді Әуелбекова.

Айта кетейік, Мөлдірдің концертіне Мейрамбек Бесбаев, Төреғали Төреәлі сынды елге танымал азаматтар қатысқан еді. Бір қызығы, атақты өнер иелері концертте ән салғаны үшін Мөлдірден бір тиын да алмаған көрінеді. Өйткені: “Мейрамбек аға өмірде де, өнерде де ағам болып келеді. Сол себепті мен ол кісіні шақырған кезде, мені қатты қуантқаны: – Мөлдір, сенің бір ауыз сөзің ғой. Қатысамын, қолдаймын. Уайымдама, бәрі жақсы өтсін, – деді. Ол да мен үшін үлкен қолдау. Айтар жерінде ақылын да айтты, өте ризамын”, – деп түсіндірді Мөлдір.
.
Stan.kz
10 желтоқсан 2018 ж. 595 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30