Төреғали Төреәлі елбасы отырған ер-тоқымға мінді
Әнші Төреғали Төреәлі елбасымыз отырған ер-тоқымға отырғанын айттты.
“Жігіттің ниеті жолдас. Елбасымыз қарғып мінген ертоқымға жайғасып, тізгінді тартып, үзенгіге аяқ тіреп, еліме амандық, жұртыма тыныштық тіледім Алладан!”,- деп жазды әнші парақшасында.Әнші өзі мен елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін жариялады. Екі суретте де бір ер-тоқым.
Желі қолданушылары мұнымен қатар әншінің қазақы киіміне қайран қалды.
“Ұлы дала баласы, ақ Төреш, жігіттің төресі !!! Бәрекелді !!!”, “Әй Даланы Ұлы Баласы бас” “Қазақылықтың лебі еседі”, – дейді желідегілер.
Stan.kz