» » » Димаш Құдайберген Джеки Чанмен кездесіп, актерге шапан жапты

Димаш Құдайберген Джеки Чанмен кездесіп, актерге шапан жапты



Әнші Димаш Құдайберген атақты актер Джеки Чанмен кездесіп, тағы да қазақтың шапанын сыйға тартқан деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші әйгілі актермен кездесуі жайлы өзінің Instagram парақшасында жазды. Димаш бұл жолы атағы жер жарған Джеки Чанның қарапайымдылығына таңдай қаққан.
"Джеки ағаның қарапайымдылығы туралы айтпаса да белгілі. Бала кезден сүйіп өскен актерім маған әрдайым көріскенде батасын беріп, жол сілтеуден тайынбайды.Бүгін ағамыздың жаңа үнтаспасының тұсаукесерінде болдым. Қолымда Джеки ағаның берген сыйлығы. Дәстүріміз бойынша қазақстандық заманауи шапанды кигіздім.Көңіліңізге, пейіліңізге үлкен рахмет. Күллі әлемді аузына қаратқан кісінің осыншалық қарапайым болып жүргендігі қатты қуантады. Ұзақ ғұмыр тілеймін", - деп жазды әнші.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген мен Джеки Чанның алғашқы жүздесуі 2017 жылдың ақпан айында болды. Қазақстандық әншінің өнеріне тәнті болған актер Димашты кездесуге өзі шақырған.


https://syrboyi.kz
21 желтоқсан 2018 ж. 957 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 259

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031