» » » «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қиял-ғажайып жанрындағы сериалдар түсіріледі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қиял-ғажайып жанрындағы сериалдар түсіріледі

Кино демекші, алдағы жылы Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша блокбастер мен фантастикалық жанрдағы сериалдар түсіріле бастайды. Олар жер жәннаты – Жетісу жерінен шыққан тарихи тұлғаларға арналады. Сонымен қатар еліміздегі киелі жерлер мен шет елдерге экспедициялар ұйымдастырылып, сиверс алмасының гүлдеуіне арналған фестиваль және ұлттық ат спорты түрлерінен турнир өтеді.
 Жер жәннаты - Жетісу жерінің көркі көз тартатын әсем табиғатына арналған бұл бейнематериалды өткен жылдың ең үздік жобасының бірі деуге болады. BBC сияқты бүкіләлемдік телерадио хабарларын тарату компаниясы түсірген  бейнероликті Еуропа, Азия мен Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын 700 миллионнан астам адам қараған. Биыл Алматы облысындағы 19 музей мен екі мемлекеттік ұлттық табиғи парк «Жетісу 360 градус» форматында цифрландырылды. Арнайы жасалған мобильді қосымша қазақ, орыс, ағылшын, қытай және түрік тілінде жұмыс істейді. Виртуалды 3 Д тур арқылы Жетісу жерінің тарихымен терең таныса аласыз. IT саласының мамандары осылайша туристік нысандар мен тарихи-мәдени орындарды, сонымен қатар сәулет ескерткіштерін елге кеңінен таныстыруға арналған «Тарихи жол», «Жетісу 360» сияқты жаңа жобаларды жүзеге асырып жатыр.
Мейірхат Толқынов, Өңірлік коммуникациялар қызметінің маманы:
 - Осы күнге дейін 6 аумақ түсірілді. Ол Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Қайыңды көлдері, Марс алаңы, Ақтау таулары Алтынемелдегі. Бүкіл съемканың уақыты екі айдай болды.
 Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:
 - Облыс әкімдігінің қолдауымен 2018 жылы 321 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы оған 9 млрд. теңге бөлінді. Барлық 4 бағдарлама бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Ары қарай осы 2019 жылға жоспарымызды құрып, бекітіп болдық. Сондай-ақ шет елдерге екі ірі экспедиция ұйымдастырылды. Көршілес екі елдің мәдениетін жақындастыра түскені, әрине Мұқали экспедициясы. Жетісу жеріндегі зиялы қауым өкілдерінен құралған топ Қытай Халық Республикасына барып қайтты. Олар Пекин мен Шанси провинциясындағы Сиань және Юлинь қалаларында болып, 1169 – 1223 жылдар аралығында өмір сүрген ұлы қолбасшының рухына тағзым етіп қайтты. Мұқали Жалайыр батыр заманында Шыңғыс ханның атынан Қытайды билеп, аспанасты елінің 65 провинциясын бағындырған тарихи тұлға. Бүгінгі Қытай билігі мен тұрғындарының Шыңғыс ханның оң қолы болған Мұқали Жалайыр батырға деген құрметі ерекше. «Тарихты бұрмаламауды – бүкіл адамзатқа жасалған қиянат» деп түсінетін өте бай архиві бар ел бабамыздың басына үлкен ескерткіш орнатып, айналасын абаттандырды.  Лу Юнь, жазушы:  
- Шыңғыс ханның аспанасты елін жаулап алуы өз алдына бөлек әңгіме. Ал Мұқали «бөліп ал да, билей бер» саясатымен ғұмыр кешкен бүкіл қытайдың басын біріктіріп, үлкен Юань империясын құрып кетті. Міне сондықтан ел билігіндегілер мен қарапайым халық оны біздің елді біріктіруші және бірлікті сақтап қалушы деп біледі. Біле білген кісіге бұл өте үлкен баға. Алдағы жылы Жетісу жері жайлы араб, парсы, түрік тіліндегі материалдарды жинау үшін шет елдерге 4 ірі экспедиция ұйымдастырылады. Оның құрамында өлкетанушы ғалымдар, тарихшылар, суретшілер, белсенді жастар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері болады. 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 7 ірі жоба жүзеге асады. Атап айтар болсақ, сиверс алмасының гүлдеуіне арналған фестиваль ұйымдастырылып, сол шараның аясында ұлттық ат спорты түрлерінен турнир өтеді.
  Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:
 - Соңғы жобалардың бірі кино бағытында. «Жетісу» телеарнасы ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, блокбастер, фантастикалық және деректі киноларды түсіруді жоспарлап отырмыз. Себебі тарихымыз да, тұлғаларымыз да, батыр, билеріміз де оған салып көрсеткенге жеткілікті, лайықты. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде Орбұлақ шайқасына арналған клуб құрылып, тарихи қойылым әзірленеді. Оны мыңдаған адам тамашалайды. Оқиға болған жерге саяхатшыларды көптеп тарту да жоспарланып отыр.Дереккөз: Хабар24
31 желтоқсан 2018 ж. 674 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930