Дәурен Айдарқұлов өзіне қыз сыйлаған жарына продюсер болмақ
Дәурен Айдарқұлов енді өзіне қыз сыйлаған жұбайына продюсер болмақ. Ақбота-Нұр бұл жаңалықты перзентханадан шыққан күні жария етті.
Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәурен мен Ақботаның ортақ некесінен туған екінші сәбиге Аиша есімі берілді. Ал Ақбота қызын қырқынан шығара салысымен декреттік демалыстан шығуды көздеп отыр. Өйткені шығармашылық үлкен үзілісті күтпейді.
“Дәурен енді маған продюсер болайын деп жатыр. Көктем мезгілінен бастап, наурыз айынан бастап Алла қаласа жұмысқа шығайын деп жатырмыз. Өзіміздің жеке киномыз шығады. Сонымен қатар, түрлі дуэттер жазылып жатыр бұйырса”, – дейді Ақбота-Нұр.
Доңыз жылында Дәурен мен Ақбота отбасылық дуэттердің де қатарын толықтырмақ. Әзілкеш ретінде танылып, кейіннен киноға түсіп актер атанған Айдарқұлов енді вокалдық қабілетімен де таңғалдыруға ниетті.
“Енді ол қаншалықты жақсы екенін халық өзі айтар. Бұл енді біздің алғашқы қадамымыз музыка әлемінде. Осы көктемнен бастап бастамақшымыз”, – дейді Дәурен Айдарқұлов.
Stan.kz