» » » Димаш америкалық сайтта жүргізілген сауалнаманың ешқандай маңызы жоқ екенін айтты

Димаш америкалық сайтта жүргізілген сауалнаманың ешқандай маңызы жоқ екенін айтты

ÐÐ¸Ð¼Ð°Ñ ÒұдайбеÑген

Димаш Құдайберген ғаламторда жүрген ғаламшардың үздік әншісі сауалнамасына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі аталған сауалнаманың ешқандай маңызы жоқ екенін айта келе, өзі үшін алаңдап, дауыс берген жанкүйерлеріне ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.

“Құрметті достар. Бір америкалық сайтта сауалнама жүргізіліп, менің есімім аталғанын естідім. Бірақ бір сауалнаманың ешқандай да бір байқауға, телевизиялық жобаларға немесе сыйлыққа қатысы жоқ. Бұл жай ғана ғаламторда жүрген сауалнама, ол ештеңе шешпейді. Барлық жерде маған және Қазақ халқына деген махаббаттарыңызды көрсетіп жүргендеріңіз үшін алғысым шексіз. Шығармашылығымның осындай адал бағалаушылары бар екені мен үшін үлкен құрмет. Мен сіздердің фанаттарыңызбын. Қазақстанға келіңіздер. Сіздерді жақсы көремін”, – деп жазды Димаш желіде.
Айта кетейік, америкалық Ranker рейтингтер сайтында барлық кезеңдердің ең үздік әншісі сауалнамасы жүргізілген еді. Аталған рейтингке отандасымыз Димаш Құдайбергеннің де есімі кірді. Ол майкл Джексон, Фреди Меркьюри, Элтон Джон сынды әлемге әйгілі өнер иелерімен “таласқа түсті”. Екінші орынға дейін көтерілген Димаш ақыр соңында “дизлайктардың” кесірінен 369-шы орынға бір-ақ түсті. Фанаттар сауалнаманың әділетті жүргізілгеніне күмән келтірген еді.


Stan.kz

18 қаңтар 2019 ж. 606 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30