» » » Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді

Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді

  

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы жазда елордада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке шығармашылық концерті өтеді.

Бұл жоба «Қазақстан» ұлттық арнасымен бірлесе ұйымдастырылып отыр.  








«Елімізге арнайы бағдарламамызбен шығып өз шығармашылығымызбен кеңірек таныстырып, арнайы халқымызға ризашылығымызды білдіргіміз келеді деген ойымыз болды. Талқылаулардан соң осындай жоба идеясы пайда болды. 2019 жылы Астанада Димаштың әлемдік турне аясында еліміздің ең үлкен сахнасында концерттің бағдарламасын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдадық. Бұл концерттік жобамыз Астана күні аясында өтеді. Жобаның негізгі құрылымы, мазмұны, бағдарламасы жөнінде ой алмасып, концепциясын түзедік. Нақты ұйымдастыру жұмыстары басталды. Оған мемлекеттік ұйымдар қолдау көрсетіп жатыр», - деді «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қарин. 

Қанат Айтбаев болса концертте орындалған әндер тыңдармандар жүрегіне жол тартады деген пікірде.  

Айта кетсек, «Арнау» концерті Жастар  жылы аясында Астана күніне орай жоспарланып отыр.

Назерке Абибулла 
Фото: Бауыржан Жуасбаев 

BAQ.KZ

29 қаңтар 2019 ж. 589 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 259

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031