Димашты Канада, Корея, Түркия елдері шақырып жатыр - әншінің анасы
Димашқа түсетін ұсыныстар көп.
ERNUR.KZ. Әнші Димаш Құдайбергеннің Мәскеуде 23 наурызда өтетін екінші концертіне билеттің басым бөлігі сатылып кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазақтың өнерін, соның ішінде әні мен мәдениетін, ұлттық болмысын көрсету мақсатында АҚШ-тағы конкурсқа қатысып жатыр. Жеңіске жетеді деп ойлаймыз, үміттенеміз. Негізі Димашқа түсетін ұсыныстар көп. Дегенмен, концерт беру, әлемдік турнеге шығу оңай емес.
Димаш жалғыз өзі емес, жанында музыканттар, хореографиялық ансамблі бар. Оның барлығы көп дайындықты қажет етеді. Мәскеуде, кейін Астанада концерті болады. Канада, Сеул, Түркия мен Қырғызстан, Өзбекстан, жалпы ТМД елдерінен концерт беруге шақыру түсті. Бәріне биыл үлгермейді», -деді С.Айтбаева. Димаш Құдайберген 22 наурызда Мәскеуде концерт өткізеді. Көпшіліктің сұранысымен 23 наурызда да көрерменін қуантатын болды.
«Димаштың Ресейдегі концертін екі ел бірге ұйымдастырып отыр. Қаңтардың орта тұсында 22 наурызда өтетін концерттің барлық билеті сатылып кетті. Кейін жан-жақтан келетін жанкүйерлерінің талап-тілектеріне орай тағы бір күн концерт беруге шешім қабылданды. Қазіргі кезде билеттің басым бөлігі сатылды деген ақпарат бар», - деді Светлана Айтбаева. Еске сала кетсек, бүгін әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Ақтөбедегі музыкалық колледжге фортепиано сыйлады.
ERNUR.KZ