» » » "30 жас кіші": Цекало бірінші рет қазақстандық келіншегі туралы сұқбат берді

"30 жас кіші": Цекало бірінші рет қазақстандық келіншегі туралы сұқбат берді

Атақты ресейлік шоумен және продюсер Александр Цекало қоғамнан ұзақ жасырған қазақстандық әйелі Дарина Эрвинмен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді. Бұл туралы "Культура" телеарнасының "Белая студия" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
ÐлекÑÐ°Ð½Ð´Ñ Ð¦ÐµÐºÐ°Ð»Ð¾ ÐаÑиной ЭÑвинмен бÑÑге. ФоÑо: ТаÑаканов Ðадим/PhotoXPress.ru

Бірнеше апта бұрын Александр Цекалоның қазақстандық модель Дарина Эрвинмен көңіл жарастырғаны белгілі болған.

Бұған дейін ресейлік шоумен жаңа романын жарнамалаудан аулақ болуға тырысқан еді. Үйленгеннен кейін жұлдызды жұп сезімдерін көпшілікке көрсете бастады.

Желіде бұған дейін атышулы жұптың бірге демалыста жүрген суреттері тарап, көпшіліктің әңгімесіне айналған.

Енді заңды түрде ерлі-зайыпты атанған ғашықтар отбасылық өмірлерінің қыр-сырын жұртқа айтуды шешкен сыңайлы.

Көптеген оқырмандар Цекало қазақстандық модельдің жанында өзін бақытты сезінетіндігін, бірде бір секунд сүйіктісін жанынан алыстатпайтынын байқапты.

Ресейлік шоумен жаңа сезім таза ауа сияқты әсер еткенін, шығармашылықта шабыт алғанын жеткізді.
"Махаббат кеңістіктерден де асып түседі. Бұл - есірткі сияқты, айырмашылығы сатып алуға келмейді және ол - кіршіксіз таза", - деді шоумен.

Өткен шақтан Цекало ештеңені де өзгерткісі келмейтінін мойындады, ол "өз адамын" жолықтырғанын алға тарты.

"Қазіргі уақытта өзімді ең бақытты жан сезінемін... Жанымда мен үшін өте қымбат және бағалы жан бар. Әйелім Даринді шексіз жақсы көремін. Артта не болғаны маңыздыемес, ең бастысы алға қарау керек", - деді ол.

Айта кетейік, ресейлік шоумен өзінен 30 жас кіші алматылық Дарина Эрвинге үйленді. Бойжеткен Қазақстанда тұрып,кейінірек Америкаға кетіп қалыпты.

 KAZ.NUR.KZ
10 сәуір 2019 ж. 617 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30