Өзбек әншісі автобуста өртеніп кеткен отандастарына арнап клип түсірді (видео)
Өзбекстандық әнші Сардор “52 Vatandosh hotirasiga” (“52 жерлесімнің рухына арналады”) атты әнге бейнебаян түсіріп, жұрттың көзіне жас келтірді. Өнер иесінің туындысы Ақтөбедегі автобус өрті кезінде қаза болған Өзбекстан азаматтарына арналады, деп жазады Stan.kz.
Әнбаян Ақтөбе облысы, Самара-Шымкент тас жолында жол апаты кезінде тірідей өртеніп кеткен азаматтарға арналады.Айта кетейік, 18 қаңтарда болған оқиға кезінде 52 адам көз жұмды. Алапат өрттен 5 адам аман қалды. Олардың екеуі – Өзбекстан, ал үшеуі – Қазақстан азаматтары.
Өрттен аман қалған автобус жүргізушілері ауруханадан шыққан соң қамауға алынды. Олар қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін айыпталып отыр.
http://stan.kz