Нұрлан Қоянбаев әйгілі корейлік актрисаларды киноға түсірмек
Актер әрі продюсер, Нұрлан Қоянбаев корейлік актрисаларды киноға түсірмек пе? Сұлулығымен көрерменін тәнті еткен корей қыздар Қоянбаевтың киносынан бой көрсете ме?
Бұл жайлы продюсердің өзі айтты.
"Танымдық мақсатта, әрі көрерменге қызықты дүние көрсету үшін шетелде кино түсіреміз. Қолдап отырсаңыздар, алдағы уақытта шетелде кино түсіру жұмысымызды жалғастырамыз. Осыған байланысты KOLON group вице-президенті Сан Хо Шин мырзамен кездестік. Корей елінде кино түсірмекпіз. Келісім жүргізіп жатырмыз. Ал, сіздер мына екі актрисаның қайсысын кинодан көргіңіз келеді? Сон Хе Гені ме, әлде Пак Шин Хеніме?", - деп жазды Қоянбаев парақшасында екі корейлік актрисаның суретін жариялай отырып.
Желі қолданушыларының бірі бұған қызығушылық танытса, бірі сенімсіздік білдірді. Енді бірі Сон Хе Гені, бірі Пак Шин Хені таңдап жатыр.
"Бір кездері есіміз кете ғашық болған актрисалар ғой", "Өзіміздің қазақ қыздары да бұлардан сұлу", "Жай ғана жарнама шығар", "Корей қыздарын көргіміз келеді", - деп жазды олар.