» » » "Жұмысыма әйелімді араластырмаймын": Азамат Сатыбалды неге әйелімен бір қойылымда ойнамайтынын айтты

"Жұмысыма әйелімді араластырмаймын": Азамат Сатыбалды неге әйелімен бір қойылымда ойнамайтынын айтты

Азамат Сатыбалды келіншегімен бір қойылымда ойнағысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап.


ÐзамаÑ


Актер жұмысқа жарын араластырғысы келмейді. Тіпті бір сахнада рөл ойнауға да қарсы екен. Отбасын жұртқа жарнамалауды жөн көрмейтін өнер иесі проблемасын халыққа айтып көрмепті.

"Әйелім екеуіміз бір қойылымда ешқашан ойнамаймыз. Мен жұмысыма әйелімді араластырмайтын адаммын. "Бір сен үшін" деген фильмде де бәрі маған "Назгүл келіп тұр ғой басты рөлге. Неге Назгүлді алмайсың?" деп айтты. Отбасы үшін кино түсіріп, шаңырағымның проблемасын көрсетіп, халыққа танытайын деп жатқан жоқпын. Сондықтан оның араласпағаны дұрыс", - дейді.

Азамат Сатыбалды әйелінің жұмыс орнын әлі көрмегенін де жасырмады. Ер мен әйелдің өмірде өз орны мен қызметі барын алға тартқан ол әркім өз жұмысын жасайды деді. 

"Тіпті менің жұмыс орныма Назгүл келген де жоқ әлі. Жеке театрымда екі қойылым қойдым, екеуінде де келіншегім ойнаған жоқ. Назгүл өзінің жұмысын білуі керек, мен өз жұмысымды жасаймын", - дейді актер.
 
Stan.kz 

26 сәуір 2019 ж. 1 356 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 259

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031