» » » Игорь Крутой Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына шақырды

Игорь Крутой Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына шақырды

Ресейдегі «Голос. Дети» байқауына қатысқан отандасымыз Ержан Максимді атақты композитор, продюсер Игорь Крутой өзінің өзінің музыкалық академиясына шақырды, «24 Хабар».

Ержан Максим қуана келіскенін айтып, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерін шыңдайтынын жеткізді. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында хабарлады.
«Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол», - деді ол.


https://syrboyi.kz

15 мамыр 2019 ж. 695 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30