"Алдымен адам болуымыз керек": Димаш Құдайберген танымалдылық жайлы ойын айтты
Белгілі әнші Димаш Құдайберген жастардың танымалдылығы жайлы ойын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі желідегі парақшасына жас болса да танымал болып кететін адамдар жайлы пікірін білдірген видео жариялаған. Димаш Құдайбергеннің ойынша жастардың үлкендерге қарағанда танымал болуы ол бір құдайдың ісі. Сонымен қатар, жетістікке жетуге адамның мінезі тікелей әсер етеді дейді ол.
"Шыны керек өзім түсіне бермеймін. Бұның барлығы Алланың қалауымен жүзеге асып жатыр. Ең бастысы біз әнші, актер, мұғалім емес, алдымен адам болуымыз керек. Карма деген ұғым бар. Егер сен адамдарға мейірімділік танытсаң, барлығы саған қайтып келеді. Карьера тұрғысынан да барлығы жақсы болуы керек", - дейді Димаш Құдайберген.
Stan.kz