» » » Батырхан Шүкеновтің "Күз" атты жаңа альбомы жарыққа шықты

Батырхан Шүкеновтің "Күз" атты жаңа альбомы жарыққа шықты

Батырхан Шүкеновтің "Күз" атты жаңа альбомы жарыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Өнер иесінің туындылары топтасқан жаңа жинағын енді кез келген адам сатып ала алады. Бұл жайлы Тимур Балымбетов желідегі парақшаларының бірінде жазды. 

"28 маусым күні Батырханның көптен күткен "Күз" атты жаңа альбомы сатылымға шықты. Ол электронды дүкендер мен дискілерде қолжетімді болмақ", - деп жазды өнер иесі. 

Сонымен қатар, Тимур Балымбетов Батырхан Шүкеновтің шығармашылығындағы тарихи альбомның постерын жариялап, жазба қалдырған. Мұқабада Батырхан Шүкеновтің суреті бар альбомның өзіне жақын екенін жазды ол. 

"Батырханның тарихи "Отан-Ана" альбомының бірінші шығарылымына жасалған постер. Диск пен касетаның мұқабасы да шамамен осындай болған еді. 2006 жылы шығарылымында Батырханның өзінің суреті жоқ қызыл мұқаба көрдік. Бірақ, біріншісі сондай жақын", - дейді Тимур Балымбетов. 



28 маусым 2019 ж. 646 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 076

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031