» » » «Сыр бойы» газеті 90 жасқа толды

«Сыр бойы» газеті 90 жасқа толды

Уақыт деген ұлы күш тарихқа тағы бір зер салудың сәтін әкелді. Өйткені, аймақ аттас ата басылым – «Сыр бойы» газеті 90 жасқа толды. 
Ғасырға жуық ғаламат кезең саралай отырсаңыз, көп дүниені көз алдыңызға жайып бермек. Бұл – Алашқа Ана, талайға пана болған қасиетті өңірдің өмір бүлкілімен біте қайнасып жатқан қазыналы шежіре.
Алғашқы саны 1929 жылдың 1 шілдесінде Қызылорда қа­ла­­сында жарық көрген ба­сы­лым әдепкіде партия, кеңес комитеттерінің және кәсіп­керлер бюросының органы саналған. Десе де, Жаңақорған, Қармақшы, Қазалы аудандарынан да хабар таратып тұрды. Ал, 1930 жылғы 101-санынан бастап біраз уақытқа дейін Қызылорда, Шиелі, Тереңөзек, Аламесек, Қармақшы, Қарсақбай, Қазалы, Арал аудандық партия, кеңес комитеттері одақтарының органына айналды.
Газеттің алғашқы редакторы –  фельетонист Жиенғали Тілеп­бергенов. Ол кісімен ке­йінірек есімдері жалпақ жұрт­қа танылған әдебиет сын­шысы, жазушы-ғалым Әуел­бек Қоңыратбаев, ақын Асқар Тоқмағанбетов, Абдолла Құр­манаевтар қызмет істеді. Ба­сылымның беделі көтерілді, таралымы артты.
Толығырақ "Сыр бойы" газетінен оқи аласыздар!
30 маусым 2019 ж. 768 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930