» » » БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫН АШТЫ

БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫН АШТЫ

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілер байқауы өтті.

Байқаудың шарты бойынша қатысушылар үш номинация бойынша бақ сынады. Біріншісі, «Бояулар құпиясы» деп аталса, келесі бөлім «Сүйікті кітаптардың иллюстациясы», одан кейін «Коллаж» номинациясы болып бөлінген. Суретшілер осы үш топ бойынша өнер көрсетті.
– Оқушылардың шығармашылығын арттыруға бағытталған шараға көптеген оқушылар қатысуға өтініш білдірді. Байқаудың мақсаты – бейнелеу өнері арқылы білім алушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бейнелеу өнері арқылы олардың кәсіби бағдарларын ынталандыруға жағдай жасау болғандықтан қосымша көркемдік білім беруді дамытудамыз, – дейді ұйымдастырушылар.
Берілген тапсырмаларды орындауға екі сағатқа жуық уақыт берілді. Осы аралықта жас суретшілер түрлі бояулар арқылы табиғатты суреттеуге тырысты. Нәтижесінде, «Бояулар құпиясы» номинациясы бойынша І орынды №119 орта мектептің оқушысы Жанарыс Ыбырай иеленді. Ал келесі орын №31 мектеп-гимназиясының оқушысы Жанель Абилда мен №202 мектеп-лицейінен келген Ақбота Рахымбекке бұйырса, қалған орындарды №115 негізгі мектептің оқушысы Бексұлтан Жүсіпбек, №123 мектеп-лицейінің оқушысы Бексұлтан Мақанбетжан, №246 орта мектеп оқушысы Жанел Қорғанбекқызы өзара бөлісті.
Әділқазылар шешімімен №117 орта мектептің оқушысы Ақбота Кеңесбек облыстық байқауға жолдама алды. Одан кейінгі орындарға №246 орта мектептің оқушысы Бегімжан Ұзақбай, №188 орта мектептің оқушысы Арайлым Қорғанбек лайық деп танылды. Мұнан соң, үздік «Коллаж» жасаған №33 орта мектептің оқушысы Аруай Ғабитқызы І орынды жеңіп алса, ІІ орын №117 орта мектептің оқушысы Назерке Сүйеубайға, келесі жүлде №201 мектептің оқушысы Нұржайна Өміртайға бұйырды.
Жеңімпаздар әр номинация бойынша арнайы «Дипломдармен» марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
М.ТАБЫСБЕКҰЛЫ (сурет).

17 ақпан 2018 ж. 2 090 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031