Ұлы адамдардың қызықты әдеттері
Ұлы адамдар тек елге сіңірген еңбегімен емес, өзге де ерекшелігімен көзге түседі. Бізді таңдандыратын адамдарды не таңдандырады екен? Cтивен Кинг, жазушы Әдетін өзгертпейді. Күнделікті таңертең тұрғанда бір стақан су не шай ішіп, сағат 8-ден 8:30-ға дейін кабинетінде отырады. Дәрумендерін ішіп, әуен тыңдайды. Қағаздары да бірқалыпта тұруы керек. Күн сайын бір нәрсені қайталап істесең, жұмысты елестетіп дайындаласың. Диана Фон Фюрстенберг, дизайнер Өзгелердің көңілін көтереді. Америка сән дизайнерлері кеңесінің президенті әр күнін адамдарға электронды хат жолдаумен бастайды. Бұл өзіне ешқандай пайда әкелмеуі мүмкін. Бірақ басқаларға көтеріңкі көңіл сыйлау үшін туған күн иелеріне құттықтау жазады не жай ғана басқаларға мақтау сөз жазып жібереді. Том Форд, дизайнер Ыстық ванна қабылдайды. Өз сөзіне сенсек, кейде тіпті күніне төрт рет осылай істейді. Қалай үлгеретіні белгісіз. Бірақ ванна оған бір нәрседен екінші нәрсе жасап шығаруға көмектеседі екен. Харуки Мураками, жазушы Қалыптасқан қағиданы ұстану. Мураками өмір бойы бір нәрсені ретімен қайталайды. Бұл жағынан Кингке ұқсайды. Бір нәрсені үнемі қайталасақ, тұрақтылыққа үйренеді екенбіз. Вера Вонг, дизайнер Тыныштыққа уақыт бөледі. Вонг әр кеш сайын «өзін түсіну үшін» үнсіздікке бір сағат уақыт бөледі екен, бұл уақыт өте өнімді болып, көп пайдасын тигізеді. Жұмыстағы қайнаған өмірге қарағанда, үйде ойланған жайлырақ. Гвинет Пэлтроу, әртіс Балалардан қуат алады. Ол үшін отбасы мен денсаулық бәрінен басым тұрады. Ал түсірілім жұмыстары, сайт шаруалары, тағы да кітаптар жазу – одан кейінгі орында тұрады. Күніне екі сағат спортпен айналысқан соң, қызы Эпплді мектепке апарып тастайды да, ұлы Мезоспен бірге оның мектеп асханасында круассан жеп, кітап оқиыд. Одан кейін барып жұмыс істеуге құлышнысы артып тұрады.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/33152
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/33152