» » » Неге біз түс көреміз?

Неге біз түс көреміз?

2004 жылы көптеген зерттеу нәтижесінде ғалымдар мида түстің қайдан пайда болатынын анықтады. Зерттеу жұмысы Шарко-Виллебранд синдромына шалдыққан науқасқа жасалған болатын. Бұл синдроммен ауыратын адамның ұйқы жүйесі бұзылып, түс көру қабілетінен айырылады. Бұл синдромды зерттеу нәтижесінде ғалымдар науқастың естеліктер мен эмоцияға жауапты ми бөлігі жұмысын тоқтатқанын аңғарған. Демек, адамның түс көруі оның естеліктерімен тығыз байланысты. Medical Daily дәл осы зерттеу жұмысын 2011 жылдан бастап қолға алған болатын. Италян зерттеушілері түс көру барысындағы ми толқындарын зерттей отырып, мынандай қорытындыға келген: ояну сәтінде маңдай бөлігіндегі электрлі толқын жиілігінің төмендігі түстің есте сақталуымен тығыз байланысты. Яғни, түс пен шынайы оқиғаны есте сақтау механизмі бірдей. Түстер біз туралы қандай хабар береді? Түс жорушылар ұсынатын түрлі тәсілдер мен болжамдар бізге түстің мағынасын ашуға септігін тигізеді. Бірақ, бұлар ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген. Дегенмен, түстердің  мәні жоқ деуге де болмайды. Түс – адамның ойын көрсетуші нұсқаулық. DreamsCloud жүргізген сауалнамаға сенсек, білім деңгейі жоғары адамдар түсінде жиі жұмыспен немесе оқумен тікелей байланысты оқиғаларды көреді: жұмыстағы әріптестері немесе кездесулер түсіне енеді. «Біз түсімізде өзімізді мазалаған оқиғаларды жиі көреміз» – дейді медицина ғылымдарының докторы Анхель Морган. Кейбір адамдар түсті басқара алатын қабілетке ие. Яғни, олардың миы бұл уақытта қарапайым адамның миындай жартылай ояу емес, толықтай жұмыс істейді. Олар түсінде кездескен қиындықтарды шешіп, олармен күресе алады. Сонымен қатар, түсін толықтай есте сақтайтын адамдар да бұл қатарға жатады. Ал, Live Science ұсынған ақпараттарға сенсек, түстер бідің психологиялық жағдайымыздан хабар береді.  Германиядағы  «Психологиялық денсаулық зерттеу орталық институтының» (Central Institute of Mental Health) зерттеушілері түсінде қылмыс жасайтын адамдар, өмірде интроверт әрі ызақор болатынын анықтаған. Түс бізге керек пе? Зигмунд Фрейд (адамның түс көру үрдісін алғаш зерттеген) адамның түсі оның жасырын қалауынан туындайды деген тұжырымға келген. Қазірде мамандардың көпшілігі бұл пікірмен толық келіседі. Дегенмен, кейбір адамдар түстердің бар екеніне күмәнмен қарайды.  Өйткені, мынандай гипотеза бар: бұл – адамдардың естеліктерінен алынған кездейсоқ ойлар мен образдың жиынтығы нәтижесінде туған ми импульсы.    Бірақ, көптеген мамандар түстің белгілі бір мақсаты бар және ол адамның эмоциясымен байланысты деген пікірде. «Түс көру – эмоцияларды кодқа айналдыру арқылы өңдеу. Түсімізде көргеніміз, басымыздан кешкеннің барлығы шынайы болмайды, бірақ, онымен тығыз байланыс орнатқан эмоциялар ешқашан жалған болған емес»  – дейді ғалымдардың бірі Сандер ван дер Линден. Ең ұтымды тұжырым мынандай: түс біздің бойымыздағы жағымсыз және керек емес эмоциялардан арылтады.  Сіз жиі түс көресіз бе?
Ðеге бÑз ÑÒ¯Ñ ÐºÓ©ÑемÑз?

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/50271
28 шілде 2019 ж. 455 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930