» » » Мінезді қалай өзгертуге болады?

Мінезді қалай өзгертуге болады?

Әр адамның өзіне тән ерекше мінезі бар. Тұлғалық құндылығы, қызығушылығы, өмірге көзқарасы, әлемді қабылдауы әртүрлі. Оның әр әрекетінен, түрлі жағдайға жауап беруінен, адамдармен араласуынан мінезі көрінеді. Ал мінезі нашар болған сайын өзі өмірін қиындата береді. Өзіңізге ұнамайтын қасиеттерден арылып, мінезді өзгертуге бола ма? Қанға сіңген қасиет болса да, оны жақсы жағынан ғана қолданған дұрыс. Алдымен мінезіңізді бақылап, сараптаңыз. Мінезді өзгертпес бұрын оны жақсылап танып алыңыз. Ол үшін парақ алып, оны екі жаққа бөліңіз де, бірінші бөлігіне өзіңізге ұнамайтын қасиеттерді, екінші бөлігіне мәселені шешу жолдарын жазыңыз. Мысалы сіз басқаларға «жоқ» деп айта алмайтын болсаңыз, олар өз қолынан келетін істі де сіздің мойныңызға жүктеп, ақырында өзіңізге уақыт артылмай қалуы мүмкін. Мұның шешімі: жай ғана сыпайы түрде көмектен бас тарту және оның себебін түсіндіру. Өзіңізді және мінезіңізді бар күйінде қабылдай біліңіз. Осылай оны өзгертуге саналы түрде кірісесіз. Артықшылықтарыңыз да көп екенін естен шығармаңыз. Өзіңізді жақсы көріңіз, үнемі өзін-өзі дамытумен айналысыңыз. Мінезден безсеңіз, оны жақсы жағына өзгерте алмайсыз. Өзгелерден үйреніңіз. Мінезіңіздің белгілі бір қырларын өзгертерде мұндай қасиеті жақсы дамыған адамдарды зерттеңіз, оларға сұрақ қойып, жақсы мінез қалай келгенін анықтаңыз. Кітаптар оқып, сабақ алыңыз. Көзбен шолу және бекіту. Өзіңіздің мінсіз қалпыңызды елестетіңіз. Осы эмоцияны әбден айқындық деңгейге жеткізіңіз. Мінезіңізді өзгерткенде өзіңізді қалай сезінесіз? Өзгерістен кейінгі өзіңіздің іс-әрекетіңізді бүге-шүгесіне дейін елестетіңіз. Бұл сізге ары қарай алға жылжуға күш береді. Мысалы өзіңізге деген сенімділікті қалыптастырғыңыз келсе, мен күннен күнге өзіме сенімді әрі әдемірек, күштірек болып келемін деңіз. Қоршаған орта. Мінезді өзгерту үшін уақытша болса да араласатын ортаңызды ауыстырыңыз. Қандай болғыңыз келсе, жаңа таныстардың ортасында өзіңізді солай ұстаңыз. Олар сізді жаңа қалпыңызбен қабылдайды, осылай қалай өзгеріп кеткеніңізді өзіңіз де білмей қаласыз.
ÐÑÐ½ÐµÐ·Ð´Ñ Òалай өзгеÑÑÑге боладÑ?
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/50346
28 шілде 2019 ж. 652 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031