» » » Биыл Құрбан айт мерекесі 11 тамызда басталады

Биыл Құрбан айт мерекесі 11 тамызда басталады



Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Биыл Құрбан айт 11 тамыз күні басталмақ.
Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады.
"Арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн" , - деп жазылған ҚМДБ хабарламасында.
 Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахап (жағымды) амал. Әбу Қатадан жеткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады...» делінген.
"Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы – уəжіп (міндет). Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады. Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады" , - деп хабарлады ҚМДБ.




04 тамыз 2019 ж. 1 130 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 078

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031