ҚАСҚА ЖОЛДЫ САЛЫП КЕТКЕН ҚАСЫМ ХАН
Тарихқа есімі алтын әріптермен жазылған білікті қолбасшы, әрі сауатты хан болып елді біртұтас мемлекетке айналдырған тұлғаның бірі – Қасым. Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрғаннан кейін олардың ұрпақтары ел билігін өз қолдарына алады. Қасым хан – әз Жәнібектің ұлы. Керей мен Жәнібек сұлтандар бірі хандық құрылғаннан кейін таққа отырса, екіншісі қолбасшы әрі уәзір болып, бірін-бірі толықтырған. Қасым ханның бойында осы екі қасиет те бар еді. Сол себепті ішкі тұрақтылықты нығайтып, сыртқы саясатты жүргізуге ден қояды. Осы мақсатта жұрт “Қасым ханның қасқа жолы” деп атап кеткен заңдар жинағын енгізеді.
Қасым хан тағына келмей тұрып, Бұрындықтың қол астындағы атақты қолбасшының бірі болған. Әскербасы болғаннан кейін сыртқы жаулардың ең мықты және осал тұстарын жақсы біледі. Сол себепті де кейін хан тағына отырған соң да сыртқы саясатты жүргізу оған аса қиындық тудыра қоймайды. Әрине ел билеу ісінде өзіндік қиындықтар кездеседі. Жазушы Мұхтар Мағауйннің «Аласапыран» атты романында Қасым ханның тұсында қазақ әскерлерінің саны үш жүз мың болыпты деген дерек келтірілген. Осының өзінен оның қаншалықты қуатты мемлекеттің ханы болғандығын аңғару қиын емес. Осынша көп әскері бар хандық өз шекарасын біршама кеңейтіп те алады. Бәлкім, сол кезде қазақ халқының саны қазіргіден аз болар. Бірақ Қасым ханның тұсындағы әскердің саны қазіргіден әлдеқайда көп екенін ескерсек, онда оның қорғаныс жүйесі де мықты болды деген сөз. Тарихи деректерге сүйенсек, Қасым ханның кезіндегі ел шекарасы оңтүстістікте Сырдарияның оң жағалауынан оңтүстік-шығыста Жетісуға дейін созылса, солтүстік пен солтүстік шығыста Ұлытау, Қарқаралы таулары мен кең-байтақ далалық кеңістікті, ал батыста Жайық өзеніне дейінгі аймақты қамтыды.
Ол хандықтың жер аумағын бұрынғыдан да кеңейту үшін көп күрес жүргізді. Халық “Қасым ханның қасқа жолы” атап кеткен заңдар жинағы елдің ішкі бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға көмегін тигізді. Сол себепті сыртқы жаулармен алаңсыз айналысудың таптырмас сәті келді. Дәл осы Қасым ханның тұсында қазақ халқын батыс елдері тани бастаған. Ол Мәскеумен дипломатиялық байланыс жасаған. Сол кездерде Мәскеуде болған австриялық дипломат Герберштейннің жазбаларында қазақтар туралы деректер бар.
«Тарихи-Рашиди», «Шайбани» сынды тағы басқа дерек көздеріне үңілер болсақ, қазақтардың негізгі жерлері Қасым ханның тұсында біріктірілген. Қасым хан бір жағынан атақты қолбасшы болса, екінші жағынан мықты стратег. Ол қол астындағы халқын жанын сала қорғаған. Сондықтан оның айналасына сол кездегі көшпенді халық бірінен соң бірі келіп қосылған. Тіпті Ноғай Ордасына қарайтын халықтың бір бөлігі қазақ хандығына көшіп келген. Осылайша қазақ хандығының кеңістігі кеңи берген. Қанша ру мен тайпа келіп қосылса да Қасым хан ел бірлігін нығайта білген.
Қасым хан бір мақаламен тауыса салатын жан емес. Ол – тарихи тұлға. Хандықтың даму жолында өзіндік орны бар, қазақ халқының тұтас ел болып қалыптасуы үшін жанын сала күрескен білікті қолбасшы. Оның Бабырға көмектесіп, Үнді жерінде Моғол мемлекетін құруға жол ашқынының өзі тарихтағы орнын айқындай түседі. Қазақ халқының өткенін саралап, қағаз бетіне түсіру тек бүгінмен ғана бітетін жұмыс емес, ол болашақтың еншісіндегі шаруа екенін ұмытпаған жөн.
Ә.ЖҰМАДІЛДаҰЛЫ