» » » Бөлісе жеген ас дәмді

Бөлісе жеген ас дәмді

Биылғы жыл Қармақшы ауданындағы Төребай би ауылы диқандары үшін табысты болды.
Негізінен бақша дақыл­дарын егіп, оны көрші елді мекендер мен мына шеті Қызылорда, мына шеті Жосалы  мен Төретам кенті, Ақай ауылы және Байқоңыр қаласы тұрғындарына арзан бағаға сатумен айналысып келе жатқан ауыл бақшашылары осы үрдісті жалғастыруда.
Қауын-қарбыз піскелі бері Төретам кенті мен Ақай ауыл­дарында жергілікті әкім­­діктермен бірлесіп жәр­мең­ке ұйымдастырып келе­ді.
Осы үш елді мекен тұрғындары диқан қауым­ның еселі еңбегіне дән риза. Арзан әрі дәмді қауын-қарбыздарды сатып алып, дастархан мәзірін толтыруда. Қияр, қызанақ және басқа да көкөністерден қысқа қор дайындауда.
Ерте көктемнен бас­тап, бақ­ша дақылдарын бап­тап-өсіріп, міне, енді сол да­қылдардан алған өнімдерін  ел-жұртпен бө­лісуде. Қар­мақшылық диқан­дар әр аптаның сәр­сенбі мен сенбі күндері Жосалы,Төретам кенттері мен Ақай ауылдарында ауыл шаруашылығы тауарлары өнімдерінен, оның ішінде қауын-қарбыз, көкөніс пен басқа да бақша дақылдары мен жем-шөптен жәрмеңке ұйымдастыруда. «Халық тарапынан бұл ша­раға қатысу өте жоғары» дейді Жосалы ауылдық округінің әкімі Сәрсенкүл Есқалиева.

Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
Қармақшы ауданы.
15 қыркүйек 2019 ж. 559 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930