Әпірезов әлемі

I
Тарих беттерін парақтаудың орайы келіп тұрғаны. Мұндайда менің сүйенетін басты құралым кітап. Жалағаш ауданының құрылғанына 60 жыл толуына арнап шығарылған «Жалағашым – жасыл бағым» атты кітапта:
«Қазіргі Аламесек ауылдық округі аймағында 1925 жылы Аламесек ауданы құрылған. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Жомарт Жолдыбаев, екінші хатшысы Ысмайыл Көпжасаров, аудандық совет атқару комитетінің төрағасы Құйрықбай Адаев сынды азаматтар жұмыс жасады. Ауданға 51 ауыл қарайтын еді» деп жазылыпты.
Осы ауылдың тумасы, елге танымал ақын Асқар Кіребаев өзінің «Туған жер» деген өле­ңінде:
... Ақ күріш даңқын асырып марқұм Несіпбай,
Төсіне жұлдыз қадаған жер бұл Исатай,
Шешендік сөздің шиірін айтқан Өмірбай.
Нысанбай жырау,
Даңмұрын жазған жырлар-ай!
Ерліктің даңқы еседі, желдей еседі,
Киелі қасиет ұрпаққа қанмен көшеді.
Туған да мекен
Топырағы жол мен жая жыр,
Жырыңның құсын босатып бүгін қоя бер,
Талантты туған бірлігі мықты ұрпақпен,
Атағыңды алыс атыраптарға жая бер!, – деп жыр­лаған болатын.
Ақынның жырына арқау болған азамат жайлы сыр ақтару үшін кіріспе ретінде алдымен оның өмірінен қысқаша мәліметтер келтіруден бастамақпын.
Несіпбай Әпірезов 1909 жылы туған. Мектепке кеш барып, еңбек жолын қарапайым жұмысшы болудан бастаған. 1932-1942 жылдары «Жаңадария» колхозында «колхозшы» болып жұмыс жасаған. 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан елге аман оралғаннан кейін туған ауылы «Жаңадария» колхозында 1950 жылдан 1967 жылға дейін колхозшы, содан кейін колхоздың «Еңбек» атты совхозға айналуына байланысты мұнда 1967-1972 жылға дейін күрішші, сосын совхоздың Қазақстанның Ленин комсомолы атауын 1972 жылы алуына сәйкес зейнеткерлікке шыққанша осы совхозда күрішші болып еңбек еткен.
Жылдар бойы еңбектегі үздік көрсеткіштері үшін ол:
3 қаңтар 1966 жылы ВДНХ (Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің) - ның «Алтын» медалімен, 19 сәуір 1967 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 12 ақпан 1971 жылы «Қазақ ССР-і ауыл­шаруашылығы қызметкерлерінің социалистік жарыстағы отличнигі» значогымен, 1970 жылы Ленин орденімен, 1973 жылдың қорытындысымен КПСС Орталық комитеті, СССР Министрлер Советі, ВЦСПС және ВЛКСМ-ның «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгі медалімен наградталған.
Есімі облыстың және республиканың Құрмет кітабына жазылған.
Жиырма жыл бойы аудандық және Аламесек ауылдық советіне депутат болып сайланған.
II
Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылда­рынан бастап облыс күрішшілерінің арасында Қазақстанның Ленин комсомолы атындағы совхоздың күрішшісі Несіпбай Әпірезовтың есімі үлкен құрметпен аталатын. Несекең Сыр диқан­дарының атасы Ыбырай Жақаевтың рекордын жалғастырушы, мол өнім алатын күрішші, облыста жүз центнерліктердің бастаушысы болды.
Ол қай шаруашылықта жұмыс етсе де еңбекке деген адал көзқарастың, қажыр-қайраттың, ар-намыстың, уәдеге беріктіктің үлгісін көрсетті.
Дала академигі атанған Ыбырай Жақаевтың тәжірибелерін, ғылым жетістіктерін шебер қолдана отырып, өзінің шеберлігін жетілдіру, біліктілігін үнемі арттыру нәтижесінде 1967 жылы өзіне бекітіліп берілген жердің әр гектарынан 75 центнерден, 1968 жылы 94,4 центнерден, 1969 жылы 103,5 центнерден, 1970 жылы 105 центнерден Сыр маржанын жинап, облыс бойынша күріштен мол өнім алудың рекордсмені атағына ие болды.
Несекеңнің аты күріш өндіруде тоғызыншы бесжылдық тапсырмасын үш жылда орындаған озаттардың алдыңғы сапында тұрды. Ол бесжылдықтың алғашқы 1971 жылы 20 гектар жерге күріш егіп оның әр гектарынан 103,6 центнерден өнім алса, 1972 жылы сол көлемдегі күріштің гектарынан 110,7 центнерден өнім алады. Бір ғана Н.Әпірезовтың плантациясынан Отан қоймасына үш жылда барлығы 6424 центнер Сыр күріші құйылады. Бұл үш жылда бесжылдық жоспардағыдан 1874 центнер Сыр салысын артық өндірді деген сөз.
16 желтоқсан 1972 жылы журналист Әбдіхан Айдаров облыстық «Ленин жолы», бүгінгі «Сыр бойы» газетіне жарияланған Несіпбай Әпірезов жайлы «Азамат абыройы» атты мақаласында:
«...Бұл кісі жайлы жазардың алдында ойланар жайлар көп еді. Өйткені ол тек бір жылғы көрсеткішімен жарқ ете қалған озат емес-ті. Әңгімеге арқау еткелі отырған адамымыз – көптен бері, әсіресе, соңғы төрт жыл бойы күріш өсірудегі өзінің үздік табыстарымен таңғалтып келе жатқан тарлан болатын. Ол жайлы баспасөз беттерінде сан рет сыр шертілген. Осы атақты дихан биылғы мерекелі жылы тағы да ерледі. Қарауындағы күріштің әр гектарынан 110,7 центнерден өнім келтірді. Демек, осындай асыл қасиетті азамат, еңбегімен Еңбек ері атанған ардагер хақында жүз рет айтып, жүз рет жазған артық па?!
Ауылдағы жас күрішшілер Несекеңе жиі келіп, оның ақыл-кеңестерін тыңдап тұрады. Егер солардың бірі атақты диқаннан:
– Несеке, еңбек жеңістеріңіздің сыры неде? – деп сұраса, ол былайша жауап береді:
– Басты нәрсе – еңбекте. Күріш өсіруге келген екенсің,ерінбей еңбектене біл. Ал бұл дақылды егіп тастап, оның басына әлсін-әлі ғана соғып тұрсаң, мол өнімді күтпей-ақ қой. Қысқаша былай: жақсы күрішші болғың келсе, Ыбекеңнің «Менің бақытым» атты кітабында айтқан он сегіз өсиетін жатқа біл. Оларды жаттап қана қойма, үнемі жүзеге асыр. Ақ күріш атасы жинақтаған тәжірибені қолдану, оның диқандық кеңестерін орындау мені табысқа бастауда. Осы ретте әріптестеріме айтарым: ең алдымен зябьке көңіл бөлу керек. Ешбір кезде күзде бітетін жұмысты көктемге қалдырма, су жолдарын тазартуды ерте баста.
Кейбір диқандар күріш басына сирек барады. Бұл дұрыс емес. Мен күрішті күніне ең кемі екі рет аралаймын. Сол кездерде ағаттық байқасам, дереу түзеймін. Басты нәрсе – механизаторлармен тіл табу, олармен иінтіресе жұмыс істеу, жеріңізді айдайтын да, тұқымыңызды себетін де, күрішіңізді жинайтын да, басқа процесті атқаратын да сол механизатор кадрлар ғой. Осы реттегі менің сенімді серіктерім, қадір тұтар адамдарым – Нақып Дүйсенбаев пен Өмірзақ Шайзадаев. Техника тізгінін қолдарына алған олар атқарған істер 4-5 жылдан бері көңіліме қонымды болып келеді. Тағы бір айтарым, біз мамандар кеңесін, нұсқауын қалтқысыз орындауға тиіспіз. Әрине ретті жерлерінде өз ұсыныстарымызды да оларға айтқан артық емес. Ал агротехника сырларына қанық, арнаулы білімдері бар адамдар айтқан пікірлердің орыны бөлек. Бізге совхозымыздың бас агрономы Бектілеу Төлебаев, басқа да агрономдар жылма-жыл көп көмек көрсетіп жүр, – деп жазылыпты.
Бұдан ағамыз еңбек ете білсең ақ күріш кімге де болса абыроймен атаққа, бақ пен берекеге, ырыс пен несібеге, бедел мен даңққа қол жеткізетіндігін білген-ау деген ойға келесіз.
Шындығында өз уақытында жақаевшылар қоз­ғалысы дүниеге келіп, қоғамның қозғаушы күшіне айналып, соның арқасында қаншама адамдардың бағы жанып, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары атағын алғандары бар­шамызға аян. Сөзіміз дәлелді болу үшін тарих бет­терін ашып көрейік:
...1971 жылы облыс бойынша егілген 70 мың гектардан астам күріштің әрбір гектарынан 38,6 центнерден өнім жиналып, отанға 13 миллион пұттан астам астық берілді.
Облыста 6 звено жетекшісі әр гектардан 100 центнердің үстінде өнім алды. Сыр дихандарының бұл ерлік еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Жылдың қорытындысымен 13 желтоқсан 1972 жылы төрт күрішшіге – Шырынкүл Қазанбаеваға, Ұлбала Алтайбаеваға, (бұл екеуі Шиелі ауданынан) Несіпбай Әпірезовке, Қазына Жүсіповаға (бұл екеуі Жалағаш ауданынан) Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Және де 800-ге жуық күрішші мен механизатор СССР-дің ордендерімен және медальдарымен наградталды.
Сыр елінде сонау бір жылдары жақаевшылар қозғалысы кең етек жайды. Олардың қатарында Жалағаш ауданындағы Социалистік Еңбек Ерлері атағын алған күрішшілер: Несіпбай Әпірезов, Қазына Жүсіпова, Тұршабек Елеусиновтер де болды. Олар ақ күрішті елдің байлығына, берекесіне, мақтанышына, халықтың ырыс-берекесіне айналдыру бағытында аянбай еңбек етіп, ауыл шаруашылығында оның ішінде егіншілік саласында жас күрішшілердің қалып­тасуына, олардың бұл жұмысқа қызыға кірісуі­не бастаушы бола білді.
Ағамыздың майдандағы ерлігі өз алдына, бейбіт өмірдегі ерлігі – өлмейтін, өшпейтін, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып қалған жасампаз ерліктің үлгісі. Ол еңбекте бағы жанған, елі мен халқы қадір-қасиет тұтқан, ауданның мақтанышына айналған, мемлекет тарапынан тиісті мадақтау марапатын алған, ауыр еңбектің зейнетін көрген нағыз бақытты азамат болды.
III
13 желтоқсан 1971 жылы Несіпбай Әпірезов Қызылорда облысындағы №215 Жалағаш сайлау округінен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты бо­лып сайланды. Депутат кезінде Қазақ ССР Жоғарғы Советінің жоспарлау бюджет комиссиясының мүшесі болды.
Оның қоғамдағы орны туралы айтатын болсақ, бір өзі бір тәрбие мектебі болды деуге болады. Ендеше бұл айтқанымызды оқырман қауым зерделеу үшін нақты фактілермен, тарихи документтермен, сол дәуірдің есепке алынған жазба құжаттарымен баяндамақпын:
Несекең Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты кезінде елдің экономикалық және мәдени-тұрмыстық жағдайына байланысты мәселелерді шешуге белсене араласты. Осы бағыттағы атқарған жұмысынан бір мысал:

Қазақ ССР Жоғарғы Советінің
депутаты Апрезов Несіпбайға
Қазақ ССР Жоғарғы Советін
сайлайтын Аламесек сайлау
участогының сайлаушыларынан

Аманат
Біздер Жалағаш ауданына қарасты Қазақстанның Ленин комсомолы атындағы совхоздың сайлау­шылары Сізге мына төмендегі аманатты орындауды тапсырады.
1. 1970 жылы совхозымызда Л.Э.П-04-волтты линия іске қосылып монтаждалды. Ал Л.Э.П-10 линиясы 1972 ж. август айында жүргізілсе де осы уақытқа дейін совхоз тұрғындарының үйі жоғарғы волтты линияға қосылмай отыр. Ауылдағы жалғыз электр моторы халықтың қажетін өтей алмай келеді. Сондықтан ауылды Жоғарғы волтты линияға қосып, халықтың электр жарығына деген тілегін қанағаттандыруды сұрайды.
2. Совхозымыз аудандағы астықты көп өнді­ретін совхоздардың бірі екені белгілі. Совхоз еңбек­кер­лері алдағы 1973 жылы мемлекетке 103 мың центнер күріш сатуды міндеттеп отыр. Солай бола тұрса да совхоз еңбеккерлері пайдаланатын автобус жоқ. Сондықтан совхоз орталығына бір автобус алып беруге көмектесуіңізді сұраймыз.
Сайлаушылар атынан
Барбосын Жаңабергенов
10 декабрь 1972 жыл.
Қазақстанның Ленин комсомолы атындағы сов­хоз.
Осыдан кейін ол тиісті органдарға қозғау салды. Соның нәтижесінде сайлаушылар Аманаты төмендегі дәрежеде орындалды.

Государственная дирекция строительства на Кзыл-ординском орошаемом массиве ордена Ленина главного управления по ирригации и строительства рисосеющих совхозов при министерстве мелиорации и водного хозяйства СССР
________________________________________

Индекс 467013
№26 «3» апрелья 1973 г

Депутату Верховного Совета
Казахской ССР
тов. АПРЕЗОВУ Н.

Копия: Заместителю председателя
исполкома областного Совета
депутатов трудящихся
тов.ГОНЧАРОВУ В.
Копия: Директору предприятия
электрических сетей
тов. МАЖНИКОВУ С.

На заявление депутата Апрезова Н. Сообщаем, что в план работ 1973 года по ПМК-52 треста Монтажспецстрой включено строительство ВЛ-10 кв – 2 км. трансформаторных подстанций 10/0,4 – 2 шт. по отделению «Еңбек» и «Ак-Арык» совхоза Л.К.Казахстана.
По окончанию строительства, наладки транс­фор­­маторных подстанций и сдачи на баланс предприятие электрических сетей должно выпол­нить подключение вышеуказанных отделений к энергосистеме.

Директор:- К.МАЙМИН

Екінші бір мысал.
Председателю планово-бюджетной
комиссии Верховного Совета
Казахской ССР
товарищу Жукову Л.Г.

Проектом бюджета на 1974 год для благоустройство городов Кзыл-Ординской области выделено всего лишь 1300,0 тыс рублей, из них 400,0 тыс рублей предусмотрено на строительство спецавиобазы по санитарной очистке в гор Кзыл-Орде. Остающаяся сумма в 900,0 тыс рублей явно недостаточна для проведения неотложенных работ по благоустройству и озеленению.
Близость грунтовых вод влияет на состояние дорог, ежегодно разрушаются дорожные покрытия, в городе Кзыл-Орда недостаточно развита оросительная сеть. Из-за необеспеченности финансированием мощность асфальтобетонных заводов не пользуются в пределах 60-70%.
Просим планово-бюджетную комиссию дополни­тельно выделить Кзыл-Ординскому облис­полкому 500,0 тыс рублей на благоустройство городов и райцентров области.

Член планово-бюджетной
комиссии Верховного Совета
Казахской ССР

25/XII-1973 г. Н.Апрезов
Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты
Несіпбай Әпірезовтың тиісті орындарға жазған хаттарының көшірмелері:

№10 5 марта 1973 года

Председателю
исполкома областного Совета
депутатов трудящихся

тов.БАКИРОВУ Ш.

От депутата Верховного Совета Казахской ССР

АПРЕЗОВА Н.

На мое имя поступило заявление от
главного врача кожвендиспансера Джалагашского
района тов. Аханаева У. о строительстве
подьездной дороги к диспансеру.

Прошу Вас помочь в решении данного вопроса.

Депутат
Верховного Совета
Казахской ССР:- Н.Апрезов
________________________________________

№11 15 марта 1973 года

Управляющему Главко
«Риссовхозстрой»
тов. ГУКАСОВУ

от депутата Верховного Совета
Казахской ССР Апрезова Н.

Направляя ххххххх поступившее на
моё имя заявление избирателей совхоза имени
Ленинского Комсомола Казахстана Джала­гашского района о выделении совхозу служебного автобуса, прошу рассмотреть и помочь в решении данного вопроса.

Депутат
Верховного Совета
Казахской ССР:- Н.Апрезов
_______________________________________

№12 25 марта 1973 года

Председателю исполкома
Джалагашского районного Совета
депутатов трудящихся
тов. Мукашеву С.

От депутата Верховного Совета
Казахской ССР Апрезова Н.

Направляю на Ваше рассмотрение заявление
поступившее на моё имя председателя Аламесекского аулсовета тов. Абдрахманова К о приобретении автотранспорта для аулсовета. Прошу рассмотреть и решить положительно.

Депутат
Верховного Совета
Казахской ССР:- Н.Апрезов

IV
Әр дәуірдің өзіндік ерекшелік сипаттары болады. Мәселен егіншілік саласында кезінде күрішшілер мектебі жұмыс жасайтын. Аудандық күрішшілер мектебіне сол уақытта аудандық советі атқару комитетінің председателі Мақсұт Әбдіразақов жетекшілік ететін. Мектептің тұрақты бекітілген оқытушылары болатын. Олар: Социалистік Еңбек Ері, совхоз директоры Ұзақ Еспанов, Социалистік Еңбек Ері, Ленин комсомолы атындағы совхоздың күрішшісі Несіпбай Әпірезов, «Жаңаталап» совхозының Ленин орденді бас агрономы Мақсұт Нұрдылдаев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Мәдениет» совхозының өндіріс бригадирі Тұрлыбай Әбдіқалықов, аудандық су шаруашылығы басқармасының басшысы Иса Жидебаев, аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас экономисі Зинадин Дүйсебаев, Қазақстанның Ленин комсомолы атындағы совхоздың бас инженер-механигі Ахметқан Әбішев. Күрішшілер Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты Ұлмекен Төлегенова, ССРО Жоғарғы Советінің депутаты Айнаш Балғабаева, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Жақсылық Шайманов, Паттал Атамбаев және басқалар болатын.
Күрішшілер мектебі қыс айларында жұмыс істейтін. Сабақ аудандық партия комитетінің (қазіргі аудан әкімшілігінің) мәжіліс залында өтетін. Оған барлық совхоздың күрішшілері қатыстырылатын. Күрішшілер оқуы күні бұрын бекітілген жоспарға сай жүргізілетін. Өткенді еске түсіру мақсатында 17 қаңтар 1973 жылы өткен күрішшілердің кезекті оқуында Несіпбай Әпірезовтың сөйлеген сөзінің жеке архивімізде сақталған жазбасынан үзінді оқып көрейік.
«...Егістік жерді егін егуге дайындау, ол ондаған жұмыс түрін жүргізуді керек етеді. Атап айтқанда: зябь жырту, екі бағытта дискілеу, тырмалау, атызда су бір деңгейде жату үшін атыз ішін тегістеу, малалау, белгілеген нормаға сәйкес органикалық тыңайтқыш беру, минералды тыңайтқыштан фосфор, азот тыңайтқыштарын жеке-жеке топыраққа сіңіру, тісті каток жүргізу сияқты жұмыстарды уақытылы және әр жұмысты агротехникалық талаптарға сай жүргізу. Егер аталған жұмыстың біреуі агротехникалық талаптарға сай орындалмаса, ол екінші жұмыстың дұрыс орындалуына кері әсер етеді. Бұл дақылдың өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғады, сондықтан оған жол бермеу басты назарда болатын.
Егістікке сапалы тұқым себу, ол үшін тұқым учаскесіне ерекше назар аударып, тұқым учаскесіне элита сортын егіп, одан бірінші класты тұқым алып, егістікке тек бірінші, екінші класты тұқым себуді қамтамасыз ету.
Гидротехникалық құрылыстардың уақытылы сапалы жөндеуден өтуі мен ирригациялық системаның қалыпты жұмыс істеуі. Тұқым себілген жердің 1-2 тәуліктен қалмай суға бастырылуы және күріш қамырланып толық пісуге айналғанға дейін атыздарда су деңгейінің дұрыс сақталуы мен суды уақытылы тарту тәртібінің сақталуын ұйымдастыру».
Жалпы адал еңбек еткен, елі үшін қызмет жасаған осы жоғарыда аты аталған азаматтармен бірге тумасақ та, бірге туғандай болып, қоян-қолтық араласып, ауызбірлікпен еңбек еткен болатынбыз. Бүгінде қарап отырсам, олардың барлығы да арамызда жоқ. «Жатқан жерлері жайлы, топырағы торқа болсын» демекпін. Осы сәтте Мұқағали Мақатаевтың:
Заулап өткен заман-ай, құр аттайын,
Сырғанап өткен күндер-ай сынаптайын.
Өксі көңіл өткізген сәттеріңе,
Өксі көңіл мен сені жұбатпайын.
Белгісіз қыр аса ма, сай бара ма,
Асығады осы өмір қайда ғана,
Көшін тартып барады, шіркін жастық,
Оянғасын қарасам айналама, –
деген жыр жолдары еске оралады.
V
Ол жайлы айтылар сөз көп. Бірақ оның барлығын бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес сияқты. Әйтсе де оның өткен өмір жолына, еңбек жолына қарап отырып академик жазушы Сәбит Мұқановтың:
Бірақ мен адам емес ізім тақыр,
Мейлі жұрт «алтын» десін мейлі «бақыр»,
Жолында өзім өрген ұлы көштің,
Бірталай мен қалдырған ізім жатыр, –
деген өлең жолдары еске түседі. Мұны ешкім артық айтылған теңеу екен дей қоймас.
Академик Әлкей Марғұлан «Білеміз, білгеннен соң айтамыз да» дейді екен. Сондай ақ Несекеңнің де білетіні көп еді. Кітапты көп оқитын. Есте сақтау қабілеті мықты болатын. Көп білетін адамның айтатыны да көп болады ғой, өмірлік тәжірибесін, өмірден көргені мен ойға түйгендерін, көне көз қария­лардан естігендерін шежіреден сыр шерт­кен­дей етіп тыңдаушының айызын қандырып айтатын әңгімешіл еді. Көпшіл еді. Үйінен қонақ арылмайтын.
Бірде академик жазушы Сәбит Мұқановпен кез­дес­кенін әңгіме еткені бар. Өзінің айтуынша, Алма­тыға демалыс үйіне, яғни санаторияға демалуға барады. Сол жерде Сәбит Мұқановпен кездеседі. Танысады, әңгімелеседі, сырласады. Еңбек адамын жақсы көретін Сәбең елдің, халықтың өмірінен әңгіме қозғайды. Әңгіме арасында:
– 1971 жылы семьяңыздың табысы қанша болды, – дейді.
– Мен он екі айға бөлгенде орта есеппен 432 сомнан айналғанын айттым.
– Ал сонша ақшаны қайда жұмсадыңыз? – деді.
– Тәуір тұрмыс жасауға жұмсаймыз да, – дедім.
– Мәселен? – деп Сәбең тағы сұрақ қойғанда, мен «ГАЗ-24» маркалы жаңа «Волга» машинасын алғанымды айттым.
Әрине бұл оның ауылда тұратын еңбек адамының әл-ауқатының өсу дәрежесін білгісі келгендегісі ғой, – деді ағамыз.
Қарапайым еңбек адамының сан қырлы болуы­ның өзі сирек кездесетін құбылыс. Несекеңді замандастары уақытты тиімді пайдалана білудің эталоны деп атайтын. Өйткені онда бос уақыт болмайтын.
Уақыт сыны оңай емес. Керектіні кемесіне алады, керексізді жағада қалдырады. Адамға тән мақтау сөздің мәні мен жөнінде осы тақылеттес.
Несекең: «Уақытпен ойлауға болады, бірақ уақытпен ойнауға болмайды», «Уақытпен құрдас бола алмайсың, бірақ сырлас бола аласың», «Уақыт көзге көрінбегенімен, ойымыз бен өмірімізге, тіпті сөзімізге дейін өз таңбасын салып үлгіреді, уақытқа ілесу деген осы», «Уақыт бәрін үнсіз жасайды», «Уақыт бәріне үлгіреді», «Уақытта уәде болмайды, үміт болады», «Уақыт асықпайды, бақыт кешікпейді, ғұмыр озбайды», «Уақытқа ешкімнің әмірі жүрмейді» деген қанатты сөздерді жиі айтатын.
Ол жастар тәрбиесіне ерекше мән беретін. Олардың елдің ертеңі, болашағы екенін айта отырып, жастарға ақыл-кеңес беруден жалықпайтын. Клубта, мектепте өтетін шараларға үзбей қатысып, өмірден түйгендерін тағылымды, тәлімді әңгіме етіп айтып отыратын. Бұл оның ауылдағы №124 орта мектептің педагогикалық коллективімен тығыз байланыста болғандығын, көп жыл ата-аналар комитетінің же­текшісі қызметін қоғамдық негізде алғаусыз атқар­ғандығын көрсетеді. Бұл да болса уақыт талабының жемісі еді.
Әлі есімде, ағамыз қарапайым күрішші болса да алқалы жиындарда жарасымды галстугі мойнында еңселі бойы мен мейірімді жүзімен, тұңғиық ойлы көзімен, ақжарқын мінезімен, шешендік тіліп түсер сөзімен, қалың көпшіліктің ортасында, елшіл, жершіл тұлға болып көрінетін.
Өз дәуірінде өмір жолы өзгелерге өнеге болған қоғам қайраткері Несіпбай Әпірезов 1996 жылы 87 жасында дүниеден озды.
«Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы,
Өшпейтұғын артында сөз қалдырған» деп ұлы Абай айтқандай, Несіпбай ағамыздың артында еңбектен соққан ізі қалды, салиқалы сөзі қалды, өмірінің жалғасы Сардар, Рүстембек, Арыстан, Ерсұлтан, Нұрлан, Нүркен, Күлпан, Күлан, Күлшат сынды ұл-қыздары қалды.
Әр адамның өзіне тән әлемі болады. Ал, Социа­листік Еңбек Ері Несіпбай Әпірезовтың әлемі:
«Қоғам және Дихандар қауымы мен Туған жері» еді. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күннің тіркестерімен баяндағанда оның әлемі ұрпаққа ұлағат таратып, руханиятымызға сәуле түсіріп тұратын жарық әлем.

Шыңғыс Айбосынов,
Қазақстан Журналистер одағының және Халықаралық
жазушылар одағының мүшесі,
ауданның Құрметті азаматы
21 қыркүйек 2019 ж. 877 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930