» » » Зейнеп апаның кеңестері

Зейнеп апаның кеңестері

*. 40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады?  40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады. Мысалы қырқынан шықпаған баланың терісін ұстап көрсең, еті бөлек, терісі бөлек жүреді. 40 күнде ғана баланың еті мен сүйегі бірігеді.
*. Адам қайтыс болғанда қырқын береді ғой, өйткені 40 күнде ет пен сүйек ажырайды, соған біз құдайы берміз. Ал мына жерде ананы 40 күн бойы қалжалап, күтеді. Ананың дені сау болмаса, баланың да жағдайы жақсы болмайды. Сондықтан, 40 күн - ана мен бала үшін күтім мезгілі.
*. Тіпті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі 6 аптаны жас босанған ана мен балаға қауіпті дейді. Алты аптаң - 42 күн. Ал, біздің әжелеріміз қалай білген сол 40 күннің қатерлі екенін?!
*. Жас босанған анаға ауыр жұмыс жасатпайды, кір жуғызбайды, салқын су ішкізбейді, еркек қойды сойып, соның сорпасын беріп, қалжалап баптайды. Бұл уақыт баланың өмірге бейімделетін кезеңі.
*. Қырқынан шықпаған баланың көзіне қарасаң көзі тұманданып тұрады. Ал қалай қырқынан шығады солай жарыққа қарайды. Дыбысқа елеңдейді. Бұл медициналық жағынан да дәлелденген дүние.
*. Баланы қырқынан шығарғанда тырнақ пен шашты ер адамға алғызу керек. Бұл – ырым.  Ал сәбидің иткөйлегін  бала көтермеген әйелдерге ырым етіп берген дұрыс.


mazhab.kz
20 қараша 2019 ж. 493 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 666

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30