Қорқынышты қалай жеңуге болады?
Психологтың кеңесі: Келіп түскен ақпаратты дерек күйінде қабылдау керек. Сонда қорқыныш қалыптаспайды. Ақпарат өмірдегі тәжірибенің айнадағы көлеңкесі ғана. Иә, ұшақтар құлайды. Ол өмірдегі болып жатқан үдерістердің бірі. Олардың қалай көтеріліп, қалай қонып жатқандарын да тура сондай ақпаратқа жатқызуға болады. Ұшқыш мамандардың арнайы дайындық курстарынан үнемі өтіп тұруы әуе апаттарының жиі орын алмауына алып келеді. Ал бірең-сараң орын алатын оқыс оқиғаға тап болып қалуым мүмкін деген ой сіздің ойыңызды жаулауына мүмкіндік бермеңіз. Жасалынатын оталардың да сәтті, сәтсіз аяқталатындары бар. Оған ота жасалынғаннан кейінгі жағдай да себеп болуы мүмкін. Немесе осыған ұқсас нәрселер орын алуы ықтимал. Дегенмен, дер кезінде көрсетілмеген медициналық көмектің кесірінен сәтсіз жағдайдың алдын алу мүмкін болмай қалады. Ойша таразылап көріңіз. Таразының бір жағында сіздің тыныштығыңыз бен өзіңізге деген сеніміңіз. Ал екінші бетінде өмірде көріп жатқан шынайы проблемалар мен үрейлер. Не маңызды, не басым? Шешім қабылдаңыз. Сіз ұшудан бас тартып немесе ота жасатпай туындаған үрейді баса алмайсыз. Оны қайта үлкейтіп аласыз. Алдымен қабылданатын шешімнің салдары қандай болатыны туралы ой қозғап көріңіз. Сосын барлық деректік ақпараттар мен айқын бағыттарды анықтай бастайсыз. Оқыс жағдайлардан қорықпаңыз, ол сіздің өміріңізден тыс болып жатқан үдеріс.
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/21386