» » » Балконда ән салғандар жауапқа тартылады

Балконда ән салғандар жауапқа тартылады

Елордада карантин кезінде екі бала терезеден құлап, бірі мерт болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі кезде медициналық масканы тағу-тақпауға қатысты сұрақ көп. Масканы тағу керек. Өйткені, сіз вирустық инфекцияны тасымалдап немесе жұқтырып алуыңыз мүмкін. Егер адам ауырғанын біле тұра маска тақпаса, онда бұл қылмыстық жауапкершілік болатындығын ескертемін. Сол себепті полиция масканы міндетті түрде тағуға кеңес береді. Бұл - карантин режимінің нормасы», - деді ол.
Сонымен қатар департамент басшысы үйдегі балалардың қауіпсіздігіне баса көңіл бөлуді сұрады.
«Төтенше жағдай кезінде 2 бала терезеден құлап, өкінішке орай оның бірі мерт болды», - деді Е.Сәденов.
Мұнан бөлек ол кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзу көбейгеніне назар аудартты.
«Карантин кезінде үйде отыру қиын екенін түсінеміз. Сонда да сіздерден 23.00-ден кейін тыныштық сақтауды сұраймын. Мұның терезеден және балконнан ән айтуға да қатысы бар. Тыныштық бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін. Осы мүмкіншілікті пайдаланып, сіздерден үйде болуларыңызды, заңға бағынуды және ресми ақпараттарға ғана сенуді өтінемін», - деді департамент басшысы.
15 сәуір 2020 ж. 424 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930